Accessibility links

К.Аннан: БҰҰ-ы сарапшыларының делегациясы елде жаппай сайлау ұйымдастырудың мүмкіндігін бағалау үшін Ирақта бір апта болады.


БАҒДАД: БҰҰ-ы сарапшыларының делегациясы елде жаппай сайлау ұйымдастырудың мүмкіндігін бағалау үшін Ирақта бір апта болады деп хабарлады БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннан. Оның айтуынша, сарапшылар өз қорытындысын осы айдың соңында береді. БҰҰ-ының арнаулы өкілі Лаһдар Бархими бастаған делегация дүйсенбіде Ирақтың саяси және қоғам қайраткерлімен келіссөздердің екінші сатысын өткізді. Сайлауда ертерек өткізуді Ирақ халқының басым бөлігін құрайтын шеиттер талап етуде.
XS
SM
MD
LG