Accessibility links

11-13 ақпан аралығында Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңеске мүше мемлекеттердің аға лауазымдылар Комитетінің отырысы өтеді.


АЛМАТЫ: 11-13 ақпан аралығында Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңеске мүше мемлекеттердің аға лауазымдағылар Комитетінің отырысы өтеді. ҚазААГ-тің хабарлауынша, оның күн тәртібіне сенім шараларының Каталогы жобасын одан әрі пысықтау мен талдау, Кеңестің жұмыс тәртібі мен Хатшылығы туралы Ереженің жобалары қойылған. Сенім шаралары Каталогында Азия құрлығындағы қауіпсіздік пен өзара сенімді нығайту мақсатындағы саяси-әскери, экономика, мәдени және экология салаларындағы кешенді мәселелер қарастырылған.
XS
SM
MD
LG