Accessibility links

Тәжікстан басшылары өздеріне көмек қолын созушы ұйымдар және елдер өкілдерімен кездесу үшін Лондонда бас қосуда.


Тәжікстан басшылары өздеріне көмек қолын созушы ұйымдар және елдер өкілдерімен кездесу үшін Лондонда бас қосуда. Сондай-ақ аталған басқосуға қатысушылар Тәжікстандағы кедейлікпен күрес мақсатында құрылған қордың өткен жылғы қаржы есебін де қарауда.

Тәжікстанға көмек қолын созушы елдер мен ұйымдар өкілдері басқосуының екі күні де қызу пікіралысулар жағдайында өтуде. Әлемнің бірнеше өкіметі және Халықаралық қаржы қоры, сондай-ақ Әлемдік банк өкілдері аталған елдегі кедейлікпен күресте Тәжікстан өкіметіне көмектесуді мақсат тұтып келеді. Тәжік делегациясын елбасы Имомалы Рахмоновтың экономика жөніндегі көмекшісі Файзулло Холбобоев бастап келген. Сондай-ақ Тәжікстан қаржы министрі Сафарали Нажмуддинов және Тәжік ұлттық банкінің төрағасы Муродалы Алимардонов та осы делегация құрамында. Лондонда орналасқан Экономикалық зерттеулер одағының сарапшысы Анна Уалкер бұл жөнінде былай дейді:

- Донорлар арқылы қаржыландыру Тәжікстан үшін аса маңызды. Себебі бұл арқылы елге негізгі инвестиция келуде. Елдегі инфрақұрылым мен әлеуметтік төлемдерді өтеу үшін аталған ақша қажет. Сондай-ақ бұл шаралар Батыс елдерінің аталған елдегі қызығушылығын да көрсетеді, - деді Уалкер ханым.

Тәжістанның 6 миллион тұрғынының 80 пайызы кедейлік деңгейінен де төмен тұратын ел, дейді мақала ауторы, Азаттық радиосы жаңалықтар бөлімінің тілшісі Антуа Блуа. 1990-шы басталған бесжылдық азамат соғысы ел экономикасын қаусатып, реформаларын тұралатып, инвесторларды шошытып тастаған болатын. Тек 2002-ші жылдың өзінде шетелдік инвестиция көлемі 36 миллион долларды құраған екен. Сонымен Лондондағы басқосуға жиналған өкілдер елдегі кедейлікпен күресте Тәжік өкіметі жасап отырған жоспардың жүзеге асуына көмектесуді ойластыруда. Өкімет түзген ол жоспар бойынша елдегі білім беру жүйесін, инфрақұрылымдарды жақсарту, сондай-ақ жеке секторларды дамыту көзделуде. Холбобоев мырзаның Азаттық радиосы тілшісіне айтуынша, бұл жолғы кездесу күн тәртібінде өткен жылдың мамыр айында ел астанасы Душанбеде болған кездесу барысында құрылған қор жайы талқылануда:

- Бір жағынан біз донорларды Душанбедегі мамыр кездесуінде берген уәделерін орындауға міндеттемекпіз, - деді ол.

Ол жолы донорлар келер үш жылға мырза көңілмен 900 миллион доллар шамасында көмек беруге уәде еткен болатын. Уалкер ханымның айтуынша, іс жүзінде мұндай көмектердің нақты түрде беріле қоюы қиын. Оған өткен жылдар тәжірибесі куә дейді ол.
XS
SM
MD
LG