Accessibility links

Владимир Рушаило: «Әлемдегі геосаясат өзгеріп келеді»

  • Жұлдыз ТӨЛЕУ

Ақпанның 10-күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз резиденциясында Астанаға ресми сапармен келген Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Рушаилоны қабылдады. Кездесуден кейін журналистерге сұхбат берген Владимир Рушаило Қазақстан басшысымен екіжақты және жан-жақты қарым-қатынас бойынша бірнеше маңызды мәселелерді талқылағандығын айтты.

Екі жақты әңгіменің негізгі барысы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Ұжымдық қауіпсіздік келісім, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мен Еуразиядағы экономикалық қауымдастық аясында өткендігін мәлімдеді, – Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Рушаило.

Владимир Рушаило сонымен қатар үстіміздегі жылдың ақпан айының аяғында немесе наурыз айының басында Ресей Үкіметінің жетекшісі Михаил Касьяновтың Қазақстанға ресми сапары жоспарланып отырғандығын жеткізді. Сөзінде Владимир Рушаило Қазақстан президенті Ресей мен Қазақстан қатынасына үлкен мән беретіндігін баса айтып кетті деді.

Осы сапар барысында Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы 2004 жылға арналған ынтымақтастық жоспарын бекітіп, бірлескен мәлімдемеге қол қойғандығын айтып өтті. Сонымен қатар ол Қазақстанның Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшыларымен және екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлермен кездесетіндігін мәлімдеді. Себебі бұл шараларды Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің өзі арнайы жүктеп отыр екен. Владимир Рушаило ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат беру кезінде әлемдегі геосаясаттың біртіндеп өзгеріп келе жатқандығын және заманауи жағдай өз қиыншылығы мен қауіп-қатерін әкеліп отырғандығын, оған дәлел ретінде жақында ғана Ресейдегі жер асты жолында орын алған террористік актіні мысалға келтірді.
XS
SM
MD
LG