Accessibility links

Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро директорының орынбасары Жеміс Тұрмағамбетова республика Президентіне Ашық хат жолдады

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

Онда Қазақстан түрме , колонияларындағы, сондай-ақ Арқалық абақтысындағы соңғы алты айдан бері орын алған ахуал алаңдатып отырғаны айтылған. Республика Президентіне жолдаған хаты жөнінде сәрсенбі күні «Азаттық» радиосына Жеміс Тұрмағамбетова былай деп түсінік берді:

- Президенттің атына Ашық хат жазуыма түрткі болған жәйт, республика түрмелерінде, әсіресе Арқалық абақтысында болған заңсыздықтардың орын алуы себеп болды, - дейді ол.

Қазақстандағы түрмелердің бірқатарын аралап шығып, олардағы қиын ахуалды көзімен көрген. Осы жағдайларға алаңдаушылық білдірген Жеміс Тұрмағамбетова республика Бас прокуратурасына, Әділет министрлігіне бірнеше рет хат жолдаған. Алайда олар тарапынан ешқандай назар аудару болмады. Ешбір жауап қайтарылмады дейді.

Жеміс Тұрмағамбетованың айтуынша, Қазақстанда 2000 жылдан бастап қылмыстық түзету жүйесін реформалау тек ТМД елдері арасында ғана емес, бірқатар Еуропа мемлекеттерінен де алға шықты. Бұл тұрғыда көп жұмыс істелді, әсіресе қайырымдылық, имандылық шаралары алынып, қылмыстық, атқару заңдылықтарында , сотқа тартылғандарды, күдікті деп табылғандарды тергеп- тексеруде алға басушылық байқалған. Осы саладағы реформа жүйесі көптеген елдерге үлгі болды делінген Жеміс Тұрмағамбетованың Президентке жолдаған Ашық хатында.

Өкінішке орай 2003 жылғы жазда Қазақстанда Үкімет билігі ауысқаннан кейін республикадағы түрме саласының басшылары да орындарынан кетіп, бұл жүйенің дамуы тоқырады. Сіз 2003 жылғы қыркүйекте құқық тәртібін қорғаушылар ұйымының кеңесінде атап көрсеткеніңіздей, бірқатар министрліктерде кадр таңдау барысында азаматтардың іскерлігінге қарап емес, тамыр-таныстық, жерлестік, ағайынгершілік принциптерімен қызметке алу әрекеттері орын алды. Осындай кадрлар таңдаудағы былық түрме жүйесіне мамандығына лайықты емес, кездейсоқ адамдардың келуіне жол берді. Олардың бас бостандығынан айрылғандарға қөзқарастары мүлде басқаша, қайырымдылықтан жұрдай екендігі көрінуде.

Қаталдықпен, адамгершілікке жат жазалау түрлерін қолданып, аяусыз ұрып-соғу, заңсыз айыптау изоляторларына қамап қою орын алды. Жергілікті түрмелер мен абақтыларды мұндай заңсыздықтарға прокуратура тарапынан, Әділет министрлігі жағынан ешқандай тиым болмаған соң қамауда отырғандарға күш көрсету, қысым жасау әрекеттері үдей түсті. Осының салдарынан түрмелерде өздеріне қол жұмсау, колонияларда өз тамырларын кесу жағдайлары орын алды.

Бұған Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық бюроға түскен көптеген арыз-шағымдар, хаттардың толассыз көбейіп кетуі дәлел. Мұндай әрекеттер Қазақстандағы бүгінгі түрме жүйесінің дұрыс бағыт ұстанбай отырғандығын көрсетеді, делінген Қазақстан Президентіне жолдаған Ашық хатында Адам құқықтары және заңдылықты қадағалау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро директорының орынбасары Жеміс Тұрмағамбетова.
XS
SM
MD
LG