Accessibility links

АҚШ президенті Джордж Буш ядролық қарудың әлемде таралуына тосқауыл қойуға бағытталған жаңа ұсынысын жариялады.


Сәрсенбі күні Вашингтонда жасаған мәлімдемесінде Буш, жаңа елдерге ядролық отын өндіру мүмкіндігін бермеу керек, деді. Ол, БҰҰ-ның Халықаралық Атом қуаты бойынша агентігі таратуға тосқауыл қоятын аранулы комитет жұмысын күшейтіп кепілдік беруі тиіс деп өз ұсынысын білдірді. Лаңкестердің ядролық қаруға "ие болуының қаупі жоғары",- деді Буш. Сондай-ақ, Иран өзінің уранды байыту бағдарламасынан бас тартқан жоқ,-деді АҚШ президенті. Ресми Теғран ядролық қару жасау мақсаты жоқ екендігін айтуда. Бұған қосымша АҚШ пен оның серіктестері Солтүстік Кореяны өзінің ядролық бағдарламасынан бас тартуға көндірмек.
XS
SM
MD
LG