Accessibility links

Шардара су қоймасындағы жағдай


12-ші ақпан күні Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік қызметкерлері Шардара су қоймасында болып жатқан жағдайды толығымен бақылап отырғынын мәлімдеді. Агенттіктің баспасөз хатшысы Қайыржан Төрежанұлының пайымдауынша, Шардара су қоймасы маңында тұратын елді мекендерге төніп тұрған қауып жоқ.

Қайыржан Төрежанұлы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің баспасөз хатшысы: - Су тасқыны болмайтын шығар, бүгінгі таңда біздің жедел көмек көрсету құтқару тобымыз сол аймаққа кетті. Олар қазір бөгетті нығайтып жатыр. Менің ойымша, олар бөгеттің бұзылып кетуіне жол бермейді. Жалпы республиканың Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің күштері дайын тұр.

9-ші ақпаннан бастап Республиканын төтенше жағдайлар жөніндегі агенттің қызметкерлері Қазақстанның түпкір-түпкірінен келгенәріптестері мен облыс және ауыл әкімдеріне арнайы семинар өткізіп жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Жулдыз ауылының әкімі Икрам Хашімжановтың айтуынша, бұл семинар барысында олар Шардара мәселесін көтеріп жатыр.

Икрам Хашімжанов, Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Жұлдыз ауылының әкімі: - 40-тан астам адам келді, бұл жерде біз төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесін қарастырамыз. Әрине, бұл кездесуде біз Шардара мәселесін көтеріп жатырмыз. Негізінен бұл Шардара мәселесі дұрыс шешілуі керек, олай болмаған жағдайда үлкен апат орын алуы мүмкін. Бүгінгі таңда төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік қызметкерлері, Шардара мәселесін ертерек шешкенде, су қоймасы маңында тұратын халыққа қауіп төнбейтін еді дегенді айтады.Агенттіктің баспасөз хатшысы Қайыржан Төрежан ұлының ойынша, жергілікті билік өкілдері алдын ала жұмыс жасау керек еді.

Қайыржан Төрежанұлы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің баспасөз хатшысы: - Жыл сайын орын алатын жағдай, жергілікті әкімшілік қызметкерлері осының алдын алу үшін арналарды тазартып,бөгеттерді бекітіп, қаржы бөлу керек еді. Себебі бұл бір күнде орын алып отырған жағдай емес.

Енді жергілікті билік өкілдерінің бірі, Оңтүстік Қазақстан облысынан келген әкім Икрам Хашімжановтың пікірін тыңдап көрсек.

Икрам Хашімжанов, Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Жұлдыз ауылының әкімі: - Кезінде осы су қоймада бар мәселені шешу үшін, қайта жөндей жұмыстарын жүргізу үшін ақша бөлінген. Бөлінгенімен, бұл ақша қайда кеткені белгісіз. Бұл ақша қайда жұмсалғанын тек сол кездегі азаматтар ғана біледі. Біз жұмыс жасап, осы мәселені шешуіміз керек еді. Бірақ әлі де болса кеш емес, мамыр айына дейін мәселені шешсек, біз тығырықтан шығамыз.

12-ші ақпан күні Шардара су қоймасындағы ахуалмен танысу үшін бұл өңірге Қазақстан үкіметі басшысының орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Есімов келген.
XS
SM
MD
LG