Accessibility links

ҚР Ұлттық кітапханасының қорында сақтаулы бағалы кітаптар мен қолжазбалардың компьютерлік үлгісі жасала бастады

  • Сәуле ОМАР

Бүкіл Түркі өркениті мен мәдениетінің дамуында өзіндік орны бар, Орта Азиядағы Ислам дінін насихаттаушы тұлғалардың бірі Қожа Ахмет Иассауидің 11-ғасырдан сақталған 5 қолжазбасы сынды тарихи маңыздылығы жоғары дүниелермен бұдан былай оқырмандар компьютерлік үлгіде ғана танысатын болады. Осыған орай 12- ақпан күні ҚР Ұлттық кітапханасының ұжымы «Жоғарғы мәртебелі кітап бенефисі» атты көрмелер сериясын ашты.Ондағы мақсат- кітапхана қорында сақтаулы бағалы кітаптар мен қолжазбалардың түпнұсқаларын кітапсүйер қауымға соңғы рет көрсету болып отыр.

11- ғасырда өмір сүрген Қожа Ахмет Иассауи мен оның шәкірті Сүлеймен Бақырғанидің ұлттық кітапхана қорындағы құжатты мұрасы өткен ғасырдың 90- жылдарынан зеттеле бастады. Ал Тұркістан қаласындағы Иассауи кесенесі Юнеско шешімімен бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілсе, өткен 2003- жылы Қожа Ахмет Иассауидің “Диуани Хикмет”, “Хикмет Хазрати”, “Насабнама” сынды қолжазбалары аталған ұйымының “Әлем жады” бағдарламасы аясындағы құжатты мұралар халықаралық реестрінің қатарына алынды. Реестрдің міндеті- әлем жұртшылығын Юнескоға мүше елдердің жазба мұраларымен таныстыру боп табылады. Ұлттық кітапхана басшысы Мұрат Әуезовтың айтуынша, кітапхананың құжатты мұраларды сақтау және зерттеу орталығы түпнұсқадағы қолжазбалардың компьютерлік үлгісін жасауды өткен жылдың қыркүйек айында бастаған:

“Қазірде Ұлттық кітапхана қорында сақтаулы 1600- ден астам бағалы кітаптар мен қолжазбаларды мәңгілік ететін мүмкіндігіміз бар. Бұл бағыттағы жұмыстар басталып та кетті.Оқырмандар осы көрмеге қойылған кітаптарды соңғы мәрте көріп отыр. Бұдан кейін ол дүниелер жарыққа шығарылмай, арнайы орындарда сақталатын болады”.

Сондай-ақ, Ұлттық кітапхананың сирек кездесетін кітаптар және қолжазбалар қорының бас сақтаушысы Набат Асқарбекованың айтуынша, Әлем жады бағдарламасының реесріне дүниежүзінен 100- ге жуық мәдени мұра енгізілсе, соның бесеуі Қазақстанның қорынан болып отыр.

“Өткен жылы сондай кітаптардың бірі Ахмет Иассауидің “Диуани хикметі” қазақ тіліне аударылып, “Жалын” баспасынан жарық көрді. Бірақ, ол кітапты бүгінгі ұрпақ оқи ма? Ол өз алдына бөлек мәселе. Осы орайда бір айта кетерлігі, бізде Иассауи бабамыздың қолжазбалары сақталған деп құр айқайлай бергенше, сол өскелең ұрпақ үшін тағылымы мол еңбектерді орта мектеп оқулықтарына енгізіп, республика жоғарғы оқу орындарында оқыту жайына назар аударсақ”, дейді Набат Асқарбекова.

Таратылған ақпаратарға қарағанда, ҚР Ұлттық кітапханасының қорында 25000- ға тарта бағалы кітаптар мен қолжазбалар сақталған.
XS
SM
MD
LG