Accessibility links

Алдағы сайлауда Ресей президенттігінен үміткер Иван Рыбкин өзінің құпия жағдайда ұрланып кетуі туралы.


Лондон. Өзінің 5 күн құпия жағдайда жоғалып кету себебін Ресей президенттігінен үміткер Иван Рыбкин Лондонда өткен баспасөз мәжілісінде жария етті. Оның айтуынша ол Киевке Шешенстанның көтерілісшіл лидері Аслан Масхадовпен кездесуге барған. Киевте оған біреулер күштеп ине салып естен тандырған. Рыбкин наурыздың 14 де өтетін президенттік сайлауға шейін өз амандығын ойлағандықтан да Ресейге оралмайтынын мәлімдеді. Рыбкин өткізген баспасөз мәжілісіне Ұлыбританиядан саяси баспана алған белгілі Ресей қаржы алпауыты Борис Березовский болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG