Accessibility links

Гуантанамодағы тұтқындардың одан әрмен қалуы жағдайы жыл сайын қарастырылып тұратын болады.


АҚШ Қорғаныс министрі Рамсфелдтің айтуынша, Гуантамо аралында күдікті терроршы ретінде қамауда жатқан тұтқындардың одан әрмен қалуы жөнінде жылдық тексерулер өткізіліп тұратын болады. Министрдің айтуынша, олардың қарсылас күштерге қосылып кетпеуі үшін АҚШ қалаған кезге дейін ұстауы мүмкін екен. Бұл жөнінде Доналд Рамсфелд былай дейді, - Біліңіздер олар көлік ұрлағаны , немесе банкты тонағаны үшін абақтыда отырған жоқ. Олар қас душпандар, терроршылар, біздің елге қарсы соғысқандар. Сондықтан олар өзгеше тәртіппен ұсталуда, дейді Рамсфельд. АҚШтағы 2001-жылғы қыркүйектегі террорлық шабуылдардан кейін Ауғанстанда болған соғыс кезінде 660тай күдікті ұсталып , Гуантанамодағы әскери түрмеге қамалған болатын. АҚШ қорғаныс министрлігінен өкіл Пол Батлердің айтуынша, бұл абақтыда отырғандар – АҚШқа қарсы күрескен джихадшылар, ал Қайдашылар және тәліп топтары жетекшілері көрінеді. Бірақ Батлер олардың ұлттық тегі, аты-жөні немесе жасаған қылмыстары туралы ешқандай айғақ айтпаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG