Accessibility links

Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармонияның камералық симфониялық оркестрі ақпанның 17-сінде Үндістанға гастрольдік сапарға аттанбақ.


ҚР еңбек сіңірген қайраткері, атақты скрипкашы Марат Бисенғалиев басқаратын оркестр өткен жылы құрылған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазір кәсіпқой өнер ұжымында 17 адам бар. Бір жылға жетпейтін уақыт ішінде оркестр Англия мен Италияда, сондай-ақ, Алматыда өнер көрсетіп үлгерді. филармония директорының орынбасары Феликс Баюканскийдің айтуынша, бұл жолы симфониялық оркестр Үндістанның қалаларында, соның ішінде Делиде, барлығы үш концерт қоймақ. Қайтар жолда Алматыға аялдап, Опера және балет театрында көрермендерін классикалық музыкаға сусындататын болады.
XS
SM
MD
LG