Accessibility links

Ақпанның 20-сында Парламент шатырларының бірлескен отырысында «Сайлау туралы» заң жобасына өзгерістер мен түзетулер енгізу жөніндегі заң жобасы» қаралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Бірлескен комиссияның мүшесі Жекен Қалиұлының айтуынша, комиссия күніне 8 сағат бойы Үкімет мүшелерімен бірге жобаны сараптаудан өткізуде. Заң жобасының 70 пайызға жуығы өзгерістерге ұшырады. 600-ге жуық өзгертулер мен түзетулер енгізілді. Сол мақсатта әрбір бап тыңғылықты қаралуда. Ең негізгі 10-шы бап сайлау комиссиясының құрамын белгілеу оң шешімін тапты. Өлкелік, аумақтық, аудандық сайлау комиссияларының құрамын жеті адамнан жасақтау қажеттігі белгіленді. Оның бесеуі партиялардан, екеуі қоғамдық ұйымдардан сайланады.Сайлау комиссиясы мүшелерін мәслихат сайлайды.

Бұрынғыдай бюллетеньге қосымша тізім болмайды. Алдағы уақытта сайлауға екі күн қалғанда тізім түгелдей жасалып бітеді. Оны сайлау комиссиясы хатшысы мен төрағасы мөр басып бекітеді.

Сайлауға әкімдіктің ықпалы жүрмейді. Тиісті қаржы республикалық бюджеттен бөлініп, оған орталық сайлау комиссиясы иелік етеді.

Сайлау алды науқаны кезінде азық-түлік тарату, қайырымдылық акцияларын өткізуге тыйым салынды. Тек қана концерт, ойын-сауық ұйымдастыруға ғана рұқсат беріліп отыр. Дауыс беру кезінде бұрынғыдай ынталы топ құрылмайтын болды. Дауыс беру процесіне сайланушының өкілі мен бақылаушылар қатыса алады. Егер өкіл бюллетеньдердің дұрыс саналмағанына көз жеткізсе, бақылаушылардың қадағалауымен бір рет қана санауға мүмкіндік беріледі. Сонан кейін комиссия мүшелері сайлау қорытындысы жайлы хаттамаға қол қойып, ол учаскеде 3 тәулік ілулі тұрады. Ауырып жатқандар мен өз аяғымен жүре алмайтындарға арнаулы жәшік апарылған кезде, үміткердің өкілдері мен бақылаушылар бірге болады. Бұрын дауыс бергендер тек санмен белгіленсе, енді оның қасына жазбаша түрде толық түсіріледі. Бұл да жалған ақпарға жол бермеудің жаңа тәсілі
XS
SM
MD
LG