Accessibility links

“Мәдени мұра” бағдарламасын жүзеге асыруға 4 млрд теңге бөлініп отыр.

  • Әселім ҚАЛКЕНҚЫЗЫ

Ақпанның 16-ы күні болған Парламенттегі Үкімет сағатында Мәдениет министрі Дүйсен Қасейіновтің “Мәдени мұра” деп аталатын мемлекеттік бағдарламасына байланысты жасаған баяндамасы тыңдалды.

Министр Дүйсен Қасейіновтің айтуынша 2004-2006 жылдарға арналаған “Мәдени мұра” бағдарламасының негізгі мақсаты тарихи мұраны қайта жаңғырту, насихаттау және сақтау болып табылады.

“Руханият ескерткіштердің ежелгі түрік, Шағатай ескерткіштері, халық фальклоры, эпостар мен аңыздар, дәстүр мен ғұрыптарды зерттеудің және пайдаланудың әдісі мен жүйесі де жеткілікті дамымаған. Сол себепті Моңғолиядан және әлемнің басқа да елдерінен көне түріктің руникалық ескерткіштерінің көшірмесін алу жоспарланып отыр.

Әль-Фараби сияқты ғалым-ойшылардың мұрасын зерделеу үшін Қазан, Уфа, Ташкенттен және тағы басқа алыс-жақын елдердің архифтері мен кітапханаларында ғылыми зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру және қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи маңызы бар қол жазбаларды анқытау көзделіп отыр”.


“Тарихи және мәдин ескерткіштерді, мұражай қорларын,кітапханаларды қалпына келтіретін өндірістік қызметке жаңа технологияларды енгізу қарастылып отыр”- дейді Мәдениет министрі Қасейінов.

“Мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру лабораториялары орталығы атымен жоқ. маңызды мұражайлық құндылықтарды қалпына келтіру орталығын құру бағытында үстіміздегі жылы жұмыс бастаймыз”.

Дүйсен Қасейіновтің айтуынша, бүгінде тарихи мәдени мұра саласында мамандар мәселесі ақсап тұр. Осыған байланысты Республиканың жоғарғы оқу орындарында археология, сәулет, этнография, қозғалатын және қозғалмайтын тарихи-мәдени ескерткіштерді жаңғыртушы мамандар дайындау бөлімдерін ашу қажет. Мәдениет министрлігі қазір жаңғырту шеберханалары мамандарының кәсіби деңгейін көтеру үшін, оларды Ресейге, Мысырға және Үндістанға жіберуді жоспарлап отыр.

Депутат Асқар қажы Қабанбаев бүгінде түсіріліп жатқан “Көшпенділер” филіміне байланысты мәселе көтерді.

“Көшпенділер филіміне бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді. Ол филім халықаралық дәрежеде бағаланды ма? Осы филімге жұмсалған қаржы ертең қайта ма?”

Мәдениет министрі Дүйсен Қасейіновтің айтуынша

“Көшпенділер филімн түсіру былтырғы қараша айынан бастап күннің суып кетуіне байланысты тоқтап тұр, себебі ол жаз уақытында түсірілетін филім. Былтыр берілген ақша бітіп қалған, өздеріңіз қолдау болып тағы 1 млрд бөлінген, ол ақша жетеді. Ал филім ертең өзін ақтай ма деген сауалға әзірге жауап беру қиын. Себебі бізде алдын –ала ол филімнің шығыны мен кірісін санамаған. Сол себепті ол ақша қайта ма, қайтпай ма оны айту қиын. “Көшпенділер” филімі осы жылдың аяғына дейін түсіріліп бітеді”.

Жалпы 2004-2006 жылдарға арналған “Мәдени мұра” бағдарламасын жүзеге асыру үшін 4 млрд теңге жұмсау көзделіп отыр. Депутаттар өз тарапынан бүгінде қойылып жатқан ескерткіштердің сын көтермейтіндігін айтып, министрліктің осы мәселеге көбірек назар аударуын сұрады.
XS
SM
MD
LG