Accessibility links

Қазақстан және Куба Республикалары арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайтатын жаңа келісімдер дайындалуда


Қазақстан және Куба Республикалары арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайтатын жаңа келісімдер дайындалуда.

Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Куба Республикасы істерінің сенім білдірілген уақытша өкілі Блас Набель Перес Камехо ақпанның 17-і күні Парламент Мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбаймен кездесуден соң журналистерге берген сұхбатында мәлім етті.

- Қазіргі уақытта сауда-экономикалық салада жаңа келісімдер дайындалуда. Олар: есірткіге қарсы күрес, қосалқы салықтан арылу туралы, сондай-ақ Астанада Куба дәм-тағамдарының мейманханасын ашу жөнінде, - деді Блас Набель Перес Камехо.

Ол Қазақстанда дипломатиялық қызметті 1999 жылдан бері атқарып келеді. Осы кезеңде Қазақстан мен Куба арасында негізінен заңдық қарым-қатынасқа қатысты келісімдерге қол қойылғанын айтты.Сондай-ақ ол жуық уақыттарда Қазақстанға Кубадан жаңа елшінің келетінін жеткізді.

- Жаңа елші орталық азия аймағы бойынша істерді үйлестіреді, сондықтанда елшіліктің мәртебесі жоғарылайды, - деді ол.

Жалпы Қазақстан мен Куба мемлекеттері арасындағы сауда айналымы 20 миллион долларға жуық қаржыны құрайды екен.
XS
SM
MD
LG