Accessibility links

Қазақстан үкіметі белгілеген квота бойынша, Монғолия, Қытай, Түркия, Ресей және Қырғызстаннан келген 655 оралман Алматы облысына қоныстанады.


АЛМАТЫ: Қазақстан үкіметі белгілеген квота бойынша, Монғолия, Қытай, Түркия, Ресей және Қырғызстаннан келген 655 оралман Алматы облысына қоныстанады, деп хабарлайды көші-қон және демография жөніндегі Алматы облыстық басқармасынан ҚазААГ. Оралмандардың әрбір отбасы мүшесіне банктік жеке есеп ашылып, оған не баспана сатып алуға, не тұрғызуға қажетті 92 мың теңгедей қаржы аударылып, әрқайсысына ақшалай бір рет өтемақы беріледі. Олардың жол шығындары мен кедендік төлемдері түгел өтеледі. Биыл ата-мекеніне 10 мың оралман қоныстануға тиіс.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG