Accessibility links

Министр Ә.Жақсыбеков: 2003 жылы Қазақстан экономикасының мәшине жасау саласы 20,5 пайызға өскен.


АСТАНА: 2003 жылы Қазақстан экономикасының мәшине жасау саласы 20,5 пайызға өскен. Премьер-министр Д.Ахметовтің қатысуымен өнеркәсіп және сауда министрлігінің бүгін болып өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Әділбек Жақсыбеков осылай деп мәлімдеді. Оның хабарлауынша, мәшине жасау саласы өнімдерінің экспорты өткен жылы 41 пайызды құраған. Министр атап көрсеткендей, осы саланың дамуына мұнай-газ саласындағы жаңа өнімдер шығаруды игеру және электроника мен электротехника өнімдерін шығару есебінен қол жетіп отыр.
XS
SM
MD
LG