Accessibility links

Нидерландия Парламенті осы елден баспана сұраушы мыңдаған азаматтарды күштеп өз елдеріне қайтару жөніндегі заң жобасын мақұлдады.


Елдің Көші-қон министрі Рита Вердонк тарапынан ұсынылған заң жобасына бірнеше өзгертулердің ел Парламенті тек кейбірін ғана қабылдады. Бұл өзгертулерге сәйкес аталған елге 2001-ші жылдың 1-ші сәуіріне дейін келген 26 мыңнан аса азаматтар өз елдеріне мәжбүрлі түрде қайтарылатын болады. Олардың көпшілігі Ауғанстан, Ирақ және бұрынғы Югославия елдерінен келгендер еді. Адам хұқықтарын қорғаушы ұйымдар мұндай қадамдар азаматтар хұқын аяққа таптауда,- деп дабыл қағып отыр.
XS
SM
MD
LG