Accessibility links

Иран реформашылары елдің Рухани көсемі Аятолла Әли Хаменейге ашық хат жолдады.


Онда олар алдағы жұма күні болатын сайлаулар қарсаңында ел билігі мен халық арасындағы ара-жік одан әрі тереңдей түсуде, деп ескертті. Парламент ғимаратында болған қарсылық шаралары кезінде 100-ден аса реформашылар аталған хатты жариялаған болатын. Бас кеңестің шешімімен екі жарым мыңдай, негізінен реформашыл бағыттағы депутаттыққа үміткерлер, сайлауға түсу хұқынан шеттетілген болатын. Осы қадамдары арқылы бұл Кеңес азаматтарды ең басты хұқынан, яғни сайлау мен сайлану хұқынан айырып отыр, деді наразылық танытушылар.
XS
SM
MD
LG