Accessibility links

Ирақ халқына ел билігі тізгінін шілденің біріне дейін ұстату жөніндегі міндеттері бағытын АҚШ әлі ұстануда-, деді Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Колин Пауел.


Дей тұрғанмен, аралық Ирақ өкіметінің қай тұрғыда таңдалуы жөнінде БҰҰ-ы тарапынан айтылар ойға АҚШ жағы әлі ділгір болуда, деді Мемлекеттік хатшы. Американың Ирақтағы әкімі Паул Бремер болса, Ирақтың аралық кезеңге арналған Ата заңының негізіне Ислам заңдылықтарының алынуы жөніндегі Өкіметтік кеңес тарапынан болатын қандайда бір күш салуларға қарсы тұратындығын ескерткен болатын-, дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG