Accessibility links

Атырауда Қазақстан журналистерінің 3-ші конгресі басталады


Ақпанның 19-ы күні Атырау қаласында Қазақстан журналистерінің 3-ші конгресі өз жұмысын бастағалы отыр. Бұл жолғы журналистер форумына Қазақстанның барлық аймақ, облыстарынан келген 300 ге тарта журналистер,бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары қатысқалы отыр. Қазақстан журналистер конгресінің атқару комитетінің хабарлауынша, журналистер форумына ақпарат министрі Сауытбек Әбдірахманов, мәдениет министрі Дүйсен Қасейінов, әділет министрі Оңалсын Жұмабеков тәрізді ресми адамдар да қатысады. Қазақстан журналистер одағының төрағасы, Қазақстан президенті жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Сеитқазы Матевтың айтуынша, Конгрестің жұмыс күн тәртібінде ең басты мәселе БАҚ туралы заң жобасы кеңінен талқыға салынып, осыған қатысты пікірталастар өткізіледі. Сондай-ақ форум жұмысының барысында, жас журналистерді тәрбиелеу, БАҚ тардың мемлекетік мекемелермен қарым-қатынасы және Қазақстанда жарнама нарығын дамыту мәселелері де талқыланбақшы. Сонымен бірге Қазақстанда тәуелсіз басылымдар мен оппозициялық газеттердің жабылып қалуы, осы газеттерде жұмыс істейтін журналистердің түрлі қыспақтарға ұшырауы мәселелері қаралмақшы. Алайда, тәуелсіз журналист Сейдахмет Құттықадамның айтуынша, бұл жолғы Конгреске тек билікке жақын БАҚ өкілдері ғана шақырылған. Ал тәуелсіз журналистер мен оппозициялық кейбір басылымдардың өкілдері ескерусіз қалған. Апталық «Түркістан» газетінің тілшісі Есенкүл Кәпқызы өзі істейтін басылымнан бұған дейінгі өткен жиындарға да және осы жолғы өтетін Конгреске де бірде-бір журналистің шақырылмағандығынан хабардар етті. Алматы қаласы және Оңтүстік облыстардан Конгреске қатысатын жетпіс жеті делегат ақпанның 18 күні түс ауа, Атырау қаласына арнайы рейспен ұшып кетті.
XS
SM
MD
LG