Accessibility links

Алматы облысының ішкі істер басқармасының бастығы тәркіленген есірткілерді көпшілік алдында өртеу шарасын өткізуді ұсынады.


АЛМАТЫ: Алматы облысының ішкі істер басқармасының бастығы генерал Құлмұхамет Қасымов тәркіленген есірткілерді көпшілік алдында өртеу шарасын өткізуді ұсынады. Осы жайында бүгін мәлімдеген генералдың айтуынша, облыстық ішкі істер бөлімінде есірткі заттардан тұратын 480 айғақ жиналған. Олар екінші рет сауда айналымына түсе ме деген алаңдаушылық туғызып, полиция мен сот сияқты екі бірдей мекеменің жұмысына қолбайлау болып отыр. Өткен жылы Алматы облысында 2 тонна есірткі тәркіленіпті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG