Accessibility links

«ЭЙР Қазақстан» әуе компаниясы жолаушы тасымалдау қызметін тоқтатты


«ЭЙР Қазақстан» әуе компаниясы жолаушы тасымалдау қызметін тоқтатты. Бұл жағдайды аталған команияның бірінші вице-президенті Серік Сабиров былайша түсіндерді:

- Қолдан жасалған банкроттық. Бір екі рейс қалды Ганноверге 22-сіне және 29-ына.. Мәселе, бізге жылма-жыл қыстың алдында несие беретін, сол несиені осы жылы бермеді. 3 миллиондай доллар қаржы керек болатын. Жер жүзіндегі барлық компаниялар қысқы кезеңде сондай несие алып, оны мамыр, маусым айларына дейін төлеп құтылатын. Қазір бізге соған рұқсат бермей, біз тоқтадық. Ақша жоқ.

Ал, аталған мәселеге байланысты Мәжіліс депутаты Қуаныш Алпысбеков мынадай пікір айтты:

- Үкімет «ЭЙР Қазақстан» компаниясын банкрот жасайын деп отыр.Оған дәлелдері ұшақтары ескі, қаржылық көрсеткіштері айтарлықай емес, қарыздары, несиелері көп дегенге саяды.

Мәжілістің тағы бір депутаты Төлен Тохтасынов, соңғы екі-үш жылдың ішінде компанияның пайдасы да болғанын айтады.

- Компанияның бұрынғы несиелері 50 миллион долларға жуық. Осы жөнінде Үкімет пен банкілермен келісіп, оны біраз жылдарға создырып, кестесін жасап, сол бойынша төлеп отыр. Сондықтанда «ЭЙР Қазақстанды» банкроттыққа әкеліп отырған бұл таза ар жағында құпиялы мәселе бар екені ол күмән жоқ, - дейді депутат Төлен Тохтасынов.

Бұл мәселеге орай ақпанның 18-і күні Қазақстан Парламентінің Мәжілісінде Көлік және коммуникация министрінің бірінші орынбасары Юрий Лавирненко хабарлама жасады. Оның айтуынша, ақпанның 3-і күні «ЭЙР Қазақстан» әуе компаниясының президенті Азматтық авиация комитетіне үнемі әуе тасымалын жүзеге асыратын рейстердің өз қызметтерін тоқтатыны жайында хабарлаған. Сөйтіп, Азаматтық авиация комитеті жағдайды қалыпқа келтірудің шараларын қабылдауға мәжбүр болыпты.

Лавриненко келтірген мәліметтеге сүйенсек, компанияның активтері кредиторолар алындағы міндеттерін өтей алмайтындай халде екен.
XS
SM
MD
LG