Accessibility links

Отан партиясының фракциясы әлеуметтік саладағы заң шығару базасын қалыптастыруға күш салуда


Осыған орай сәрсенбіде Алматы журналистерінің басын қосқан сератор, парламенттің Әлеуметтік -мәдени даму комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов хабарлады. Сұлтанов мырза президенттің өткен жылғы халыққа Жолдауында республика халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесіне назар аудару қажеттігін айтқанын еске салды. Онда жалақыны, ең төменгі зейнетақыны көтеру, денсаулық саласына қомақты қаржы бөлу, оқу саласына бөлінетін қаржының көлемін арттыру қарастырылған.

Қуаныш Сұлтановтың айтуынша, сол мәселелерді жүзеге асыру үшін заңдық негізде құжаттар қабылдау туындап отыр. Осыған байланысты парламентте тиісті заңда көптеген өзгерістер енгізілді. Қабылданған мемлекеттік бюджет көлемі бұрынғы жылдармен салыстырғанда жоғары болды дейді сенатор.

- Былтырғы жылы бюджетті қабылдағанда студенттердің шәкіртақысын өсірдік, ең төменгі зейнетақыны да 1,5 мың теңгеге көтерудің мүмкіндігі туды. Осы бағыт алдағы жылдары да дами береді, - деді Сұлтанов.

Алайда осыған байланысты зейнеткер Раиса Ахметова болса, өздері алатын аз ғана зейнетақысы ай сайынғы коммуналдық төлемдердің жартысына да жетпейді деп қынжылады. Сол секілді ҚазМУ-дің студенті Назым Аманғазы да шәкіртақы аздау, соны тағы көтерсе деген тілегін білдіреді.
XS
SM
MD
LG