Accessibility links

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» сьезі қарсаңында

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясының алғашқы құрылтайы сенбі, 21» ақпанда Алматыдағы Анкара қонақ үйінде болады. Сьез жұмысына Қазақстанның барлық облыстарынан 1300 бастамашы азаматтарынан 200-дей делегат қатысады деп күтілуде.

Құрылтайға түрлі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер жетекшілері, мемлекеттік лауазым иелері, Парламент депутаттары мен саяси срапшылардан елудей қонақ қатыспақшы.

Құрылтай қарсаңында дайындалған парақшаға көз салсақ, сьез жұмысына Қазақстан президенті, сенат төрағасы, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық бюро жетекшісі шақырылған.

ҚДТ халықтық партиясының мүшесі, сенат депутаты Зәуреш Батталованың айтуына қарағанда, сьезде партия бағдарламасы мен саяси манифесі, басқа да құжаттар қабылданады.

- Партиямызды құрамыз деп 1 желтоқсанда жариялағанбыз. Біздің партияның құрамына 16 мың адам мүше болды. Талапкерлер легі толастар емес. Сьезге барлық облыстарлан делегаттар келеді, - деді Зәуреш Батталова.

Алайда Отан партиясы идеология бөлімі меңгерушісінің орынбасары Исатай Қамбаровтың айтуына қарағанда тіркелмеген саяси ұйымның сьез өткізуі заңды емес.

Сенбі күні өтетін құрылтайға кейбір аймақтардан Алматыға келетін делегаттарды жібермеу әрекеттері байқалуда. Ол туралы партияның баспасөз хатшысы Маржан Аспандиярова айтса, Қызылорда облысынан партияның осы облыстағы бөлімшесінің жетекшісі Сағат Жүсіп аймақтағы кейбір билікке жақын тұлғалар делегаттарға қысым көрсетіп, қорқытып-үркітуде дегенді айтты.
XS
SM
MD
LG