Accessibility links

Сайлау туралы заң жобасы қоғамда әр түрлі пікір туғызып отыр


Ақпанның 20 күні Қазақстан Парламентінің біріккен отырысында Сайлау туралы жаңа заң жобасы екінші оқылымда талқыланып, болашақ сайлаулар қалай өтетіні осы жолы шешілгелі отыр. Әзірге бұл жобаға қатысты 600 ден астам түзетулердің 200 талқыланып үлгірген. Сарапшылар болса, осы заңның қандай күйде қабылданатыны, биылғы болатын сайлау және 2006 жылы өтетін сайлаулардың ғана емес, жалпы Қазақстан мелекетінің болашақ тағдырын шешеді деген пікірлер айтуда. Қазақстанның тәуелсіз бақылаушылар жүйесінің президенті Дос Көшім жұма күні тағдыры талқыға түскелі отырған «Сайлау туралы заң» жобасының халық талқылауына, Қазақстандағы түрлі қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар назарына ұсынылмағандығы үлкен қателік деп есептейді. Дос Көшімнің айтуынша, бұл заң жобасы 20 ақпан күні өтіп кетуі де мүмкін. Дос Көшімнің келтірген деректеріне сүйенсек, бүкіл халықтың талқылауынан өтпеген заң қабылданып кетсе, қоғам үшін үлкен сорақылық болады. Ол бұның қоғамдағы демократиялық процестердің ілгерілеуіне тигізетін зардабы зор болады және Қазақстанның беделіне үлкен нұқсан келеді деген көзқараста.

Жазушы Герольд Бельгердің айтуынша, сайлау әсіресе қазақстандықтар үшін қиямет –қайыммен бірдей. Оның пайымдауынша, жоғардығылар мен төмендегілердің көзқарасы мүлде сәйкес келмейді. Сондықтан да халық ылғи да сайлаудың әділ өтетіндігіне сенімсіздікпен қарайды екен.

Ал, «Ақ жол Қазақстан» партиясының тең төрағасы Әлихан Бәйменовтың айтуына қарағанда, бұл заңның тағдырын Үкімет шеше алады. Саясаттанушы Әзімбай Ғали болса, сайлау туралы заң жобасы демократиялық ұстанымдарға сәйкес келеді деген көзқараста. Алайда саясатанушы заңның кейбір жетілдірілетін тұстарының да бар екендігін жасырып отырған жоқ.
XS
SM
MD
LG