Accessibility links

Ирандағы жұма күні өтетін парламенттік сайлауда кертартпалар жеңіске жететін тәрізді.


Жұма күні Иран жаңа парламент үшін дауыс береді. Бірақ бұ сайлау Иранда Ислам төңкерісі болған 1979 жылдан бергі ең жаман саяси дағдарыс жағдайында өтіп отыр. 2 мыңнан астам реформашыл үміткерді билік басындағы Қорғаныс Кеңесі тізімнен шығарды. Талдаушылардың болжауынша дауыс беруге халық тым аз жиналмақ. Кертартпалар парламентте көп орынды иеленбек. Иранда реформашыл қозғалыс әлсіремек.

Жұма күнгі Иранда өтетін парламенттік сайлауға дауыс беруге құқылы 46 миллион кісі бар. Алайда талдаушылар болса осы сайлау алдында реформашыл үміткерлердің жаппай тізімнен қысқаруына орай дауыс беруге халық аз қатысады деген пікірде. Техранда оқитын 24 жасар бір Али атты студент былай дейді:

"Менің даусымнан бір нәрсе өзгерер деп ойламаймын. Биыл реформашыл үміткерлердің дені қысқарып кетті. Тіптен олар парламентте көпшілік болып отырған күннің өзінде де олар қабылдаған заң Қорғаныс Кеңесінен қайтып отырды. Сондықтан билік басында Қорғаныс Кеңесі отырған кезде сайлаудан пайда жоқ."

Парламенттегі 300 орын үшін 200 сайлау аймағы бойынша бақ сынайтын үміткерлер саны 5 мың кісі. Кертартпа Қорғаныс кеңесі 2 мыңнан аса реформашыл үміткердің сайлауға барар жолын байлады. Бұны реформашылдар қалай сынады, кертартпалар Парламентті бақылауда ұстау үшін қантөгіссіз төңкеріс жасады деп сынады. Осы апта басында реформашылдар Иранның Жоғары Басшысы Аятолла Хаменеиге бұл жағдаятты түсіндіруді сұрап ашық хат жазды. Айналып келгенде, өткен аптада сол хатты жариялаған екі газет Шарх пен Ясе- ноу жабылып тынды. Ешкім сайламаған 12 кісілік ұлықтар мен исламшыл заңгерлерден құралған Қорғаныс Кеңесі қолында барлық дерлік билік шоғырланған. Оның билігі халық сайлаған парламенттен де күшті.

Сол жоғарыдағы билік ұйымдастырып отырған сайлауға халықтың құлқы қандай екенін Техранда тұратын журналист Мехди Махдавиазад былай түсіндіреді:

"Ресми бейресми науқандарға қарамастан іс жүзінде біз жылт еткен ұмтылыс көріп отырғанымыз жоқ", - дейді Иран журналисті.

Ол сондай-ақ сайлауға қатысса сайлаушылардың сол 44 пайыздайы ғана қатысатын шығар дейді. Тағы бір пікірге ден қоялық. Ол Техран университетінің профессоры Садех Зибакаламның пікірі:

"Техран тәрізді үлкен қалаларда меніңше дауыс берушілер 20 пайыз, асып кетсе 30 пайыз болатын шығар."

Бір нәрсе анық. Иранда реформашылдар мен кертартпалар текетіресі жүріп жатқаны анық. Реформашылдар адам құқықтарын қорғайтын заңдар қабылдау жолында күресіп келді. Бірақ ол әрекеттердің бәріне кертартпашыл Қорғаныс Кеңесі тосқауыл қойып отырды. Реформашылдарды қолдайтын студенттердің Одағы сенбі күнгі сайлауға қатысудан бас тартты. Жүзшақты реформашыл журналист сайлауға байкот жариялады.

Бұл енді реформашылдардың қолынан келер соңғы тұяқ серпу сияқты. Айналып келгенде сенбі күнгі сайлауда кертартпалар Парламенттен көпшілік орынды алады дейді профессор Зибақалам:

"30 пайызға дейінгі дауыс берушілер кертартпа үміткерлерге дауыс береді деп ойлаймын."

Сонымен сенбі күнгі Ирандағы парламенттік сайлау қорытындысы қашан шықпақ?

Дауыс қорытындысы сайлаудан бірнеше күн өткеннен кейін жарияланбақ.
XS
SM
MD
LG