Accessibility links

Ирақтағы саяси жағдайға БҰҰ ерекше назар аударуда


New York тан бейсенбі күні хабарланғанындай, БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан Ирақтағы өтпелі кезең саясаты жөнінде Ұйымға мүше ел өкілдері және Ирақтағы өз өкілі Лахдар Брахимимен кездесіп өзара кеңестер өткізді. Негізгі мәселе - бас хатшы Кофи Аннан бүгін БҰҰдағы сайлау жөніндегі сарапшылар, Ұйымға мүше беделді елдердің кейбір өкілдерімен кездесіп, Ирақтың болашағы жөнінде аса келелі де маңызды кеңес өткізген.

Кофи Аннан, алдымен, Ирақтың достары деген топ өкілдерімен кездескен. Бұл топта 40 мемлекет және Қауіпсіздік кеңесі бар. Содан кейінgi негізгі кездесу, Лахдар Брахими бастаған сайлау тобымен өткен.

Кофи Аннан, Ирақ бойынша өзінің ол жұмысын жұмада Жапонияда басталатын 4 күндік сапарымен жалғастырмақ.

Ирақта 30-маусымға жоспарланған сайлау жөнінде көмекшісі Лахдар Брахимидің өзі бұл сайлауды маусымда өткізуге болмайды деп отырған көрінеді.

Тілшіміз Роберт МкМейхонның айтуынша, АҚШ бас хатшы Аннаның ұсыныстарын жақсылап ойластыратын сықылды. Бірақ Кофи Аннаның ол ұсыныстары қалай қабылданады, қалай іске асады, бұл жөнінде БҰҰнан өкіл Фред Еккард,

- Күте тұралық. Бас хатшы Лахдар Брахими және басқалармен кездескеннен соң нәтижесін білерміз, - дейді.

Өткен аптада Лахдар Брахими, тікелей сайлауды жақтаймын, бірақ ол асығыстық болады, онсыз да ұшығып тұрған саяси ахуалға кесір боп тиуі мүмкін, деген болатын.

Ал, БҰҰдағы ресми басшылық маусымның 30ында Ирақтағы өтпелі кезең билігін егемен үкіметке беріп, сайлауларды кейінірек өткізсе, дейді екен.

Кейбір талдаушылар, онда сайлауды әкімшілік билік ауыспастан алдын өткізейік, деген шииттер жетекшісі Ал Систани және, алдымен егемен үкіметті сайлап алып, одан кейін, келесі жылы жалпы сайлаулар өтсе деген АҚШ жоспары өзара үйлестік табар ма еді, деген пікір айтады.

Ассошиейтид пресс агенттігі, есімін атамаған АҚШтық бір ресмидің сөзімен, Кофи Аннан маусым сайлауына қарсы ұсыныс айтар, десе, Нью Йорк Таймз газеті бір дипломаттың аузымен, Кофи Аннан алдағы аптаның соңына дейін тоқ етер ойын айта қоймас, деп жазыпты.

АҚШтық ресмилер болса, Иран әкімшілігіндегі алмасуды маусымның 30ында өткізу керек, қалған жағдайды өзгертуге қарсы емеспіз, деп айтып келеді.

Мұны АҚШтың БҰҰндағы елшісі Джон Негропонте де растайды.

– Кофи Аннан айтпақ ұсынысты Вашингтон да, Бағдат та ынтыға күтіп отыр. Меніңше АҚШ Аннаның ұсыныстарын талдап, ол жөнінде кеңесуге барын салады, - дейді Негропонтье.

Дипломаттардың айтуынша, БҰҰна мүше елдердің көбі Ирақтағы тұрақтылық жағдайына алаңдаулы. Оған Кофи Аннанның Иратың достары деген елдермен кездесу нәтижелері күә. Олардың арасында, Ираққа көрші елдер - Иран, Йордания, Кувейт, Сауд араб елі, Сирия және Түркия, сондай-ақ, Мысыр және БҰҰ қауіпсіздік кеңесінен 5 мүше ел бар.

Міне енді Қытайдың өзі Бағдаттағы өз елшісін қайта ашпақ.

Нью Йорктан тілшіміз Роберт МкМейхонмен үздіксіз хабарласып отырмыз оның айтуынша мына бүгін бейсенбіде

БҰҰйымының бас хатшысы Кофи Аннан бейсенбі күні Ирақтағы өтпелі кезең саясаты жөніндегі өз ұсыныстарымен бір қатар маңызды кездесулер өткізді. Солардың бірі - Аннаның Ирақтағы өз өкілі Лахдар Брахимимен пікір алмасу.

Лахдар Брахими Ирақтағы үкіметтік басқару режимін ауыстыратын жоспарлы кезең маусымның 30ына дейін тікелей сайлаулар өткізуге болмайды деген пікір айтып отыр. Ал АҚШтық ресми басшылар болса, Кофи Аннаның ұсыныстарын егжей-текжейлі талқылап, соған орай іс тұтатын сияқты.

Мұндай хабарды бізге Нью Йорктан тілшіміз Роберт МкМейхон жолдап отыр. Ол былай дейді.
XS
SM
MD
LG