Accessibility links

Алматыда Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығына мүше елдер СІМ-нің кезекті кеңесі болды

  • Мариям БЕЙСЕНҚЫЗЫ

Жұма күні Алматыда Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығына мүше елдер СІМ кеңесінің кезекті отырысы болды. Отырыста Орталық Азия елдері ынтымақтастығына мүше мемлекеттердің 2003 жылы шілде де өткен Алматы саммитінде қабылданған келісімдерді іске асыру барысы талқыланып, ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздік мәселелері қаралды.

Орта Азиялық Ынтымақтыстық ұйымының СІМ кеңесі Орта Азиялық экономикалық қоғамдастығы ұйымына байланысты барлық құжаттардың күшін жойды. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен болған баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев мәлімдеді.

Орта-Азиялық экономикалық ынтымақтастығы ұйымы оған мүше елдердің экономикалық ықпалдастығын үйлестіруге тиіс тұңғыш ұйым болды. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдері қамтылды. Алайда жұмыс тиімсіздігіне байланысты ұйым жойылып соның негізінде Орта Азия ынтымақтастық ұйымы құрылды. Орта Азия ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімге Алматы саммитінде 2002 жылы 28 ақпанда ұйымға мүше елдердің мемлекет басшылары қол қойған болатын. Қасымжомарт Тоқаевтың айтуына қарағанда, Орта Азиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымын жоюға саяси және экономикалық жағдайлар себепші болған.

Сондай-ақ, Орта Азиялық Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің СІМ кеңесінің бүгінгі Алматыдағы кезекті отырысында ұйым елдері арасында теле және радио бағдарламаларды алмасу туралы келісім бекітіліп, аймақтағы қауіпсіздік мәселесі сарапқа салынды. Қасымжомарт Тоқаев су-энергетикалық және көлік концорциумын құру жөнінде келісімге келдік деп мәлімдеді.

- Бұл мәселе өте күрделі. Жағдай қандай болып жатқанын жақсы білесіздер. Дегенмен де болашақта қарым-қатынас, ынтымақтастық болу керек. Бүгін кездесу барысында осы мәселені талқылап, болашақта концорциум кұру туралы келісімге келдік. Сондай-ақ су-энергетика концорциумын құру жөніндегі келісім орындалмайтын болса Көксарай су кешенін саламыз деп мәлімдеме жасадым, - деді Қасымжомарт Тоқаев.
XS
SM
MD
LG