Accessibility links

Британиялық терроршылыққа қарсы күрес сақшылары АҚШ босатпақ 5 бритондықтың ісін зерттеуге кіріскен.


Ол бесеу Кубадағы Гуантанамо базасындағы АҚШ абақтысында 2 жыл отырған. АҚШ оларды және тағы да бір даниялық азаматты кеше бейсенбіде бостандыққа шығарған болатын. Британия Сыртқы істер министрі Джак Строның айтуынша, алдағы апталарда олар Британияға қайтарылады. - Біз бұл жөнінде АҚШ әкімшілгімен келіскенбіз. Азаттық алмақ бұл тұтқындардың есімі - Рухел Ахмед, Тарек Дергул, Джамал ал Харит, Асиф Ықпал, жане Шафих Расул, - дейді Джак Стро. АҚШ террорлық әрекетте күдікті 650 дей тұтқынды Гуантанамо аралында 2 жылдан бері ұстап келеді.
XS
SM
MD
LG