Accessibility links

Жоғары оқу орындарының көпшілігінің халықаралық аккредитациядан өтуге шама-шарқы жетпейді

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қазақстан үкіметі бүгін-ертең бір шешім қабылдағалы отырған білімді дамытудың концепциясы жобасында жоғары оқу орындарын халықаралық аккредитациядан өткізу қаралған. Бірақ оған әзірге санаулы жоғары оқу орындарының ғана мүмкіндігі бар. Республикада бар 166 азаматтық жоғары оқу орындарының 59-ы ғана 2001 жылы мемлекеттік аккредитациядан өткен. Енді халықаралық аккредитациядан өткізу қаралуда. Осылай деп отырған Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік инспекциялау және білімді ақпараттандыру департаментінің директоры Жексенбек Әділов аталғандай талаптың қойылуы жоғары оқу орындарының беделін арттырады деген пікірде.

- Мәселен, біздің университетті бітіріп, шетелге барып жұмыс істеймін десе немесе басқа университетке түсем деушілерден ең бірінші сұралатыны, бітірген оқу орынының халықаралық аккредитациядан өткен-өтпгендегі жайында болады. Халықаралық аккредитациядан өткен жоғары оқу орындары, соны бітірген студенттер шетелдерге барғанда олардың дипломдары жарамды болады. Ондай дипломмен шетелде оқуға да жұмыс істеуге де болады. Халықаралық аккредитациядан өтуге әр жоғары оқу орыны өзі қаржы төлеуі керек. Мемлекет оған қаржы төлемейді, - деді Жексенбек Әділов.

Осы мәселеге орай жоғары оқу орындары басшыларының пікірін белгенімізде, Жезқазған унверситетінің ректоры Жұмағали Наурызбай бұл мәселенің көп қаржыны қажет ететіндігін айтты.

- Жоғары оқу орындарының көпшілігінің оған шама-шарқы жетпейді. Біздің университеттің халықаралық стандартқа сәйкес болуы үшін ұзақ уақыт керек. Менің ойымша, ол студенттерге көп қаржылық қиындық әкелуге тиіс емес. Өйткені, әр университеттің тікелей таза табысы бар. Кейбір шығынға сутденттер де баруға тиіс менің ойымша, - деді Жұмағали Наурызбай.

Ақмола технология және бизнес университетінің ректоры Тынысбек Досмағамбетов те халықаралық аккредитациядан өту қажет деген пікрді қостады. Сонымен бірге ол қазіргі күні білім беру саласының көптеген кәсіби мамандардан айырылып отырғанын айтты.

- Қазіргі күні профессорлардың айлықтарының аздығынан көп мамандар кетіп қалып, бұрынғыға қарағанда білім сапасы төмен деп ойлаймы, - дейді Тынысбек Досмағамбетов.

Ал, студенттер не ойлайды? Қазақ гумманитарлық заң университетінің студенттері Жанаргүл мен Әйгерімнің бұл мәселеге көзқарастары екі түрлі. Мәселен, Жанаргүл аталғандай талап ертерек қойылып отыр деп есептейді. Оның айтуынша, басқа елдерден білім алуға болады. Бірақ өз біліміңмен басқа елге шыққанша, алдымен Қазақстанда жұмыс істеу керек деді ол.

Ал, оның құрбысы Айгерім болса, Қазақстандық дипломмен шетелде жұмыс істеп, үйренуге болады деген ойда.

Сонымен білімді дамытудың 2015 жылға дейінгі концепциясының жобасы қабылданып жатса, осы сала түрлі реформаның астында қалатын түрі бар. Бұған дейін хабарланғандай бұл құжат ақпанның 24-і күні Үкімет отырысында қаралады. Бірақ аталған құжат бағасының қанша боларын әзірге ашып айтқан ешкім жоқ.
XS
SM
MD
LG