Accessibility links

Чехия Үкіметі «ҚазМұнайГазды» не себептен тендрге қатыстырмады?


«ҚазақМұнайГаз» ұлттық компаниясының Президенті Ұзақбай Қарабалин Чехия Республикасының «Юнипетрол» мұнайөңдеу компаниясын жекешелендіру тендріне қатысқандығын жасырмады. Бірақ бірінші кезеңнен өткенімен, екінші кезеңде Чехия Республикасының Үкіметі бізді тендрге қатынасудан шығарып тастады. Бұл тараптан олардікі дұрыс болмады, –дейді Ұлттық МұнайГаз компаниясының Президенті. Ал сарапшылар Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы нашар бола тұрып, шетелге инвестиция құйған дұрыс емес деген пікірлерін айтады.



«Чехия Республикасының «Юнипетрол» мұнайөңдеу компаниясы бұл Шығыс-Еуропа елдерінің ішіндегі ең көлемді жоба болып табылады. Сондықтан бұл компанияға деген Қазақстан билігінің қызығушылық білдіргені түсінікті» дейді», – Қазақ Ұлттық Мұнай Газ компаниясының президенті Ұзақбай Қарабалин. Оның айтуынша, Қазақстаннан шикізат сатып алып, оны шетелге әкетіп, өңдеп жоғары бағамен мұнайөнімдерін қайта сатады. Сондықтан да шикізатты тек ғана сатып ғана қоймай, пайда әкелетін жақтарын да ойлауымыз керек,– дейді. Ол Чехияның «Юнипетрол» мұнайөңдеу компаниясын жекешелендіруге тендрге қатысқандықтарын жасырған жоқ. Біз бірінші кезеңнен сәтті өттік, алайда екінші кезең кезінде Чехия Үкіметі біздерді тендрге қатысудан шығарып тастады. Кейін үстіміздегі жылдың басында Чехия Үкімет басшысының Қазақстанға сапары кезінде біз бұл жағдайды сұрадық. Сонда олар бізге бұл компанияны сатып алып, қайта сататын инвестрлар керек емес, бізге тұрақты жұмыс істейтін инвесторлар керек деп жауап берді. Бірақ олар қателесіп отыр. Біз бұл зауытта тұрақты да ұзақ уақыт жұмыс істеуші едік, –деген пікірін алға тартады Ұзақбай Қарабалин.



Ұзақбай Қарабалин сонымен қатар бұл мәселені қаражатты шетелге құйып жатыр, яғни көлеңкелі ақшаны жуып жатыр деп түсінбеу керек. Өйткені «ҚазақМұнайГаз» Ұлттық компаниясы жүз пайыз мемлекеттікі, сондықтан біз тек мемлекеттің мүддесіне ғана жұмыс істейміз деген пікірін айтты. Ал осы мәселеге Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Уалихан Қайсар, Қазақстан Үкіметінің бұл әрекеті түсініксіз деген ойын айтады. «Егер «ҚазМұнайГаздың» шетелде басқа кәсіпорын сатып алатын ақшасы бар болатын болса, ол тіпті маған түсініксіз. Біз қайта шетелден инвесторлар сатып ала алмай отырмыз. Оларда артық ақша бар болса, шағын немесе орта бизнеске неге инвестиция құймайды»,– дейді сенатор Уалихан Қайсар. Ол қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайы түзелмей отырғанда, «ҚазМұнайГаздың» бұл әрекеті түсініксіз болды дейді.



Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізген «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының президенті Ұзақбай Қарабалин соңғы кезеңде халықтың әлеуметтік жағдайына ұлттық компания тарапынан 11 млрд. теңге жұмсалғандығын айтты.

Ал бүгінде қазақ мұнайынан қарапайым халықтың әл-ауқаты түзеліп отыр ма?! Оны халықтың өзінен сұраған едік.

Қазақстандықтың пікірі: «Халықтың әлеуметтік жағдайына қамқорлық көрсетіп жатырмыз. Емделетін, сауықтыру орындарын салып жатырмыз дейді. Мүмкін онда жиырма мың, он мың адам демалып жатқан шығар. Бірақ олар кімдер? Ол өздерінің адамдары. Халыққа одан ешқандай пайда тиіп отырған жоқ. Халық бүгінде ең болмаса таза су іше алмай отыр ғой. Мықты компания болса, неге соны ойламайды?!»
XS
SM
MD
LG