Accessibility links

Қазақстанның Демократиялық Таңдауы Халықтық Партиясының саяси кеңесінің жетекшісі мәлімдеме жасады


Қазақстанның саяси сахнасына жаңадан шыққан Қазақстанның Демократиялық Таңдауы Халықтық Партиясының саяси кеңесінің жетекшісі Асылбек Қожахметов ақпанның 24 і күні Алматыдағы Ұлттық баспасөз орталығында БАҚ өкілдерімен кездесіп, өткен сенбі күні Алматыда өткен осы партияның алғашқы құрылтайы туралы хабардар етті. Оның айтуынша құрылтай жұмысына Қазақстанның барлық облыстарынан 180 делегат, шақырылған құрметті қонақтардан 58 адам ал шетелдік және қазақстандық БАҚ өкілдерінен 76 адам қатысты.

Құрылтайдың құрметті қонағы Грузия социал-демократиялық партиясының төрағасы, қәзіргі президент М.Саакашвилидің саяси блогіна кіретін Автандила Велтауриді құрылтайға қатысушылар ду қол шапалақпен қарсы алған. ҚДТ Халық Партиясы атына «Ақ жол» партиясынан , «Наша Украйна» саяси блогының лидері В.Ющенконың, шетелде қуғында жүрген Қазақстанның Республикалық Халық Партиясының жетекшісі Әкежан Қажыгелдиннің, Германияның Мюнхендік Түрік үйі мен түркістандықтардың мәдени орталығынан – Шукру Али Ерен, Хасан Оралтайдың және Еуропарламент депутаттары- Элизабет Егли, Джон Боуис, Пауль Рюбич, Ари Ватаненнің жолдаған құттықтау хаттары оқылды. Құрылтай өзінің бағдарламасын және жарғысын қабылдап, партияның саяси манифесі мақұлданды. Құрылтай Президенттің атына Ғ.Жақияновты жедел түрмеден босату жөнінде үндеу қабылдаған.

Партияның саяси кеңесінің төрағасы Асылбек Қожахметовтың айтуынша партияны әділет министрлігнен тіркету үшін қажет 50 мың қолды жинау онша қиын іс емес, бәлкім 70 мың қол жиналып қалар. Ал басқа саяси партиялар мен қарым қатынас мәселесінде ҚДТ ХП ең алдымен Коммунистік партия, Ақ жол партиясы , Патриоттар партиясымен жақын қарым қатнас та болғысы келеді. «Отаншыл жастар» одағының мүшесі Қарашолақ Жанботаның айтуынша осындай оппозициялық партияның құрылуы Қазақстандағы саяси өмірдің өзгеруіне әсер ете алмақшы. Алайда Ұрпақ тағдыры, білім қоғамдық қозғалысының төрағасы Ерсайын Ерғожа болса жаңа партия бәрібір 50 мың қол жинай алмайды, жинаған күнде үкімет оны тіркемейді деген пікір айтады.
XS
SM
MD
LG