Accessibility links

«Алматының жас бизнесі» атты кәсіпкер жастардың екінші фестивалі өтті

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

Бүгін Алматы қаласында «Алматының жас бизнесі» атты кәсіпкер жастардың дәстүрлі екінші фестивалі өтті. Алматы қаласы әкімшілігінің Мемлекеттік жастар саясатын қолдау қоры мен шағын және орта бизнес департаменті ұйымдастырған шараның мақсаты талантты жастардың бастамаларын қолдау көрінеді.

Бәйгенің жүлде қоры жиырма миллион теңге. Бұл үздік жобаларға жеңілдетілген несие ретінде берілмек. Қалалық әкімшіліктің «Жастар және жасөспірімдер» атты бағдарламасы аясында жүзеге асқан шараның жүлдегерлері алған несиелерін әкімшілікке қайтаруы тиіс көрінеді.

Осы мәселелерге қатысты түсінік берген аталған қор директорының орынбасары Ж.Әуезбеков шараның өміршеңдігінен үмітті болса, кәсіпкерлікпен шынайы айналысып жүрген жастар күдікті көзқараста.
XS
SM
MD
LG