Accessibility links

Пәкістан осы елдің Ауғанстанмен шектесіп жатқан алыс аудандарында жасырынуы мүмкін Әл-қайда мен Талибан күштерінің қалдықтарына қарсы шабуылдарды бастағандықтарын мәлімдеген.


Пәкістанның ақпарат министрі Рашид Ахмед шейх бұл қимылдар шетелдік терроршыларға қарсы бағытталды деп айтқан. Хабарларға қарағанда, бүгін таңертеңгісін Пакістанның әскерилері тікұшақтардың көмегімен ауған шекарасына жақын жердегі Уан қаласының маңында рейд жүргізген. Пәкістандық әскери шенді өкілдің айтуынша, бүгін Талибан мен Әл-қаиданың жауынгерлері деп күдіктелгендер, оның ішінде шетелдіктер бар ,20 адам ұсталған. Билік басылары Осама бен Ладен пакістан-ауған шекарасында тығылған болу керек деген болжам айтқан болатын, бірақ бүгінгі қимыл-әрекеттердің Осама бен Ладенді ұстауға бағытталғаны жөнінде ресми ешнәрсе айтылмаған.
XS
SM
MD
LG