Accessibility links

Бүгін АҚШ-ң қорғаныс министрі Дональд Рамсфелд Өзбекстанға соңғы екі жылдың ішіндегі үшінші рет сапармен келді.


Ол мұнда Ирақтан кейін ат басын тіреді. Рамсфелд Американың террорға қарсы соғыста одақтасы болған Өзбекстанның президенті Ислам Кәрімовпен келіссөздер өткізуде. Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, келіссөздер арқауы- Америка мен Өзбекстанның қазіргі және болашақтағы қарым-қатынастары, аймақтық қауіпсзідік пен көршілес Ауғанстандағы жағдайлар. Өзбекстан шенеуніктері Рамсфелдтің сапары алдында Ханабадтағы әуебазасын американдық аскерилерге ұзақ мерзімге бере аламыз деп мәлімдеген болатын. Ал Адам хұқтары тобы болса, Өзбекстанда адам хұқтарының жағдайы нашар деп бағалап, Рамсфелдке Өзбекстан үкіметіне адам хұқтарына байланысты көбірек қысым жасау жөнінде өтініш айтқан болатын. АҚШ қорғаныс министрі сәрсенбі күні Қазақстанға барады, одан әрі оның сапары Ауғанстанда жалғасады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG