Accessibility links

Пекинде АҚШ пен Ресейдің, Солтүстік және Оңтүстік Кореяның, Қытай мен Жапонияның делегациясы Солтүстік Кореяның ядролық қару бағдарламасы турасында кездесетін болады


Солтүстік Корея делегациясының жетекшісі, Сыртқы істер министрінің орынбасары Ким Гай Гуан өткен тамыз айындағыдан гөрі қазіргі келіссөздер жағдайы жақсырақ екендігін айтқан. Ким өтем төлеу мәселесі шешілгенге дейін , Солтүстік Корея өзінің ядролық қару бағдарламасын тоқтатып қоймайды деген. Желтоқсан айында Солтүстік Корея егер АҚШ-тан экономикалық және басқадай көмек болатын болса, ядролық қару қимыл-әрекеттеріне бармаймыз деп талап қойған, оған АҚШ жауап ретінде Солтүстік Корея алдымен ядролық бағдарламасын бөлшектеуді бастасын деген-ді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG