Accessibility links

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі «Көктем 2004» атты жаттығуын өткізбекші.


Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі наурыз айының 2 мен 4 аралығында күтпеген жерден болатын су тасқынының алдын-алу, оның зардаптарын жою мәселесіне арналған республикалық көлемдегі жаттығулар өткізгелі отыр. Бұл туралы радиомызға берген сұхбатында Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің жедел түрдегі іс-қимыл, азаматтық қорғаныс департаменті бастығының орынбасары Марат Ғаниұлы хабарлады. Марат Ғаниұлының айтуынша, республикалық көлемде өткізілгелі отырған мұндай жаттығулар осы жолы Маңғыстау облысында өтеді. Бұған Қазақстанның барлық облыстарынан өкілдер қатысады. Оның айтуынша, жыл сайын көктем мезгілінде Қазақстанның барлық облыстарында сел жүріп, су тасқыны болуы мүмкін. Оған көп жағдайда, ауа-райының құбылып, кенеттен жылынуы, жаңбырдың мол жаууы, су қоймаларынан көп мөлшерде судың ағуы , тоғандарды су шайып кетуі іспеттес себептер әсер етуі ықтимал.

Марат Ғаниұлының айтуынша, Оңтүстік Қазақстан жұртшылығын алаңдатып отырған Шардара су қоймасы және Сырдария өзені төңірегіндегі мәселе өз шешімін таба бастаған.

Алайда бұл пікірмен келіспейтін «Ұрпақ тағдыры – білім» атты қоғамдық бірлестіктің жетекшісі Ерсайын Ерғожаның айтуынша, Сырдария өзені төңірегіндегі ахуал аса дұрыс шешімін таппаған.

Дегенмен Шардара су электрстанциясының бас директоры Құдайберген Төлеуұлының айтуынша, Шардара су қоймасына Өзбекстан мен Қырғыстан жағынан келетін су көлемі біршама азайғандықтан қауіп сейілі төмендеген. Шардара су қоймасынан Сырдария өзеніне кетіп жатқан су мөлшерін реттеу жұмыстары да жүріп жатыр. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің мәліметіне жүгінсек, 2003 жылы Қазақстанда су тасқынынан 103 адам зардап шегіп, 984 адам басқа жаққа көшір
XS
SM
MD
LG