Accessibility links

Қазақстан журналистерінің Конгресі соңғы шешімдерін жұртшылық назарына ұсынды

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

25 ақпанда Қазақстан журналистерінің Конгресі өзінің үшінші конгресіндегі мәселелерді қорытып, қабылдаған қарары мен соңғы шешімдерін жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында аталған ұйым өкілі, Қазақстан журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаев хабарлама жасады.

Қарарда қазіргі «БАҚ туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, жаңа заң жобасын қайтарып алу көзделген. Ал, «Жарнама туралы» заң жарты жыл күшін тоқтата тұруы жөніндегі ұсыныс Үкімет басшысына жолданыпты. Н.Жүнісбаев, Г.Выборнова және Г.Бендицкий сынды журналистерді қолдау қажеттігі көрсетілген.

Дегенменде қазақтілді журналистер тарапынан сынға ұшыраған ұйым қабылдаған қарарларымен биліктің есептесетіндігіне күмәнсіз.
XS
SM
MD
LG