Accessibility links

Білім тұжырымдамасын қабылдауда кейбір сын-ескертпелер ескерілусіз қалды

  • Мариям БЕЙСЕНҚЫЗЫ

Екі айға жуық талқылаудан өтіп, түрлі пікірлерге арқау болған ҚР білім саласын 2015 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасын 24 ақпан күні Қазақстан үкіметі қабылдаған болатын. Министрлік мамандарының айтуына қарағанда, үкімет аталған құжатты қабылдау барысында бұқара халық арасынан келіп түскен ескертулер мен толықтыруларды ескере отырып бекіткен. Ал сарапшы маман Зайра Ахметова білім саласын дамыту тұжырымдамасына айтылған сын- ескертпелерді ескерілді,-деп айту қиын дегенді айтады.

-Білім саласында жұмыс істеп жүрген маман ретінде пікір айтатын болсам, оқу реформасына өзгеріс керек екені рас. Тұжырымдама да, реформа да керек. Бұл тұжырымдаманың олқы тұстары баспасөз беттерінде көп айтылды. Айтылған ұсыныс, пікірлер сол айтылған жерде қалды. Ескертпелерді ескерілді дегенге сарапшы ретінде сенбеймін. Себебі ұсыныс, пікірлер негізінде тұжырымдама жобасының екінші нұсқасы халыққа қайта ұсынылуы керек еді. Тұжырымдама сол күйінде қабылданып, қайтадан сол күйінде шығатына күмәнім жоқ Қарапайым халық білім саласындағы реформаға қалай қарайды? Біз сөзге тартқан Мақсат есімді ата-ана қазіргі жаһандану заманында Қазақстанның білім саласына реформа жасау аса қажет дейді.

-Қазір компьютеризация заманы. Балаларға көп оқу керек. Сондықтан білім саласына реформа аса қажет. Кезінде өзіміз мектептен түкте біліп шыққан жоқпыз. ЭВМ, компьютер дегеннің не екенін білген жоқпыз.

Келесі біз сөзге тартқан ата-аналар білім саласындағы реформаларға түбегейлі қарсы. -Мен білім саласындағы реформаларға қарсымын. 12 жылдық білім жүйесінде қолдамаймын. Оған себеп - біздің халықтың экономикалық материалдық жағдайы төмен. Оған дайын емеспіз.

Ақынжан есімді ата-ана қазіргі уақытта білім саласына 10 жылға дейін реформа жасаудың қажеті жоқ,- дейді.

-Бұл менің ойымша асығыс жасалып жатқан реформа. Бізге реформа жасау үшін әлі 10 жыл уақыт керек. Кешегі Коммунистік жүйенің білім беру жүйесі жақсы болған. Бізге содан тиімдісі жоқ.
XS
SM
MD
LG