Accessibility links

Ирақ басқару кеңесі уақытша заңдар топтамасын талқылады


Америка Құрама Штаттары тағайындаған Ирақ басқару кеңесінің мүшелері бүгін уақытша заңдар топтамасын талқылады. Олар 28-ші ақпанға таман қабылданбақ. Бұл заңдар Ирақтың жаңа конституциясы қабылданғанша билік жүргізбек. Ирақ билігі Ирақ үкіметінің қолына 30-шы маусымда тапсырылмақ. АҚШ-тың әскери тікұшағы бүгін өзенге құлап қалды. Оқиға Бағдадтан батысқа қараған тұста 200 шақырым жерде болды. Оқиға себебі және адам шығыны жөнінде ақпарат әзірше айтылмады.
XS
SM
MD
LG