Accessibility links

Пәкістан "Әл Қаида" және "Талибанға" қатысты деп сезіктелетін 25 азаматты тергеп жатыр


Пәкістан қауіпсіздік орындарының адамдары "Әл Қаида" және "Талибан" террорлық ұйымдарына қатысты деп сезіктелетін 25 азаматты сұраққа алды. Олар жақында Ауғанстан шекарасының маңында жартылай автономиялық Оңтүстік Уазаристан провинциясында әскери операция барысында қолға түскен. Пәкістан ресми өкілдері ұсталғандардың аты жөні, ұлты тергеу аяқталғанша ашылмайды деді. Олардың арасында шетелдік әйел бар екені айтылды. Ауғанстандағы АҚШ әскерінің өкілі тұтқындалған азаматтардан хабарымыз жоқ деді.
XS
SM
MD
LG