Accessibility links

АҚШ қорғаныс министрі Д.Рамсфелд Астанаға қысқа сапармен келді


Ақпанның 25-күні АҚШ қорғаныс министрі Дональд Рамсфелд түс кезінде Ташкеннен Астанаға ұшып келді. Сәрсенбі күні ол мұнда Қазақстанның үкімет жетекшісі Даниал Ахметовпен, сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевпен және Қазақстанның қорғаныс министрі Мұқтар Алтынбаевпен кездесті.

Бұл АҚШ қорғаныс министрінің Қазақстанға осымен екінші сапары. Мұның алдында 2002 жылғы мамыр айында Қазақстанға келгенінде Д.Рамсфелд коалиция күштерінің Ауғаныстандағы тәлібан билігіне қарсы жүргізген «Мызғымас бостандық операциясына» қолдау танытып, өз әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат бергені үшін Қазақстан жағына алғыс білдірген еді. Ал бұл жолы Ирақта Саддам Хұсейін билігі құлатылғаннан кейін бейбіт өмірді қалпына келтіру ісіне атсалысқаны үшін Қазақстанға және алғыс айтты.

- Қазақстан әлемдік көлемдегі терроршылдыққа қарсы күресте шешуші елдердің бірі болғандықтан, қосқан үлесі үшін осы елге арнайы келіп, өз ықыласымды білдіруді жөн санадым, - деді АҚШ қорғаныс министрі Д.Рамсфелд.

Түстен кейін АҚШ қорғаныс министрі Д.Рамсфелд Қазақстан қорғаныс министрлігінің Астанадағы жаңа ғимаратында болып, былтырғы жылдың тамыз айынан бастап 5 ай бойы Қазақстанның «Қазбат» бітімгершілік батальонының инженерлік-саперлік бөлімшесінің алғашқы тобының құрамында Ирақ жеріндегі миналарды залалсыздандыруға қатысқан қазақстандық сарбаздармен кездесіп, оларға да рахметін айтты. Осы кездесуден соң Ирақтағы жағдайға байланысты журналистердің сұрағына берген жауабында Д.Рамсфелд:

- Егер Ирақтың бұрынғы басшысы Саддам Хұсейін үкіметі кезінде ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан Қазақстаннан үлгі алып, Біріккен Ұлттар Ұйымының қарусыздануға үндеген резолюцияларын орындағанда іс бұлайша өрбімеген болар еді. Бірақ, Саддам оған бағынбады, ақырында Саддамның билігі құлап, оның өзі қамауға алынды, ал 25 млн ирақтықтар бостандық пен сайлау еркіндігіне ие болды, - деді.

АҚШ пен Қазақстан қорғаныс министрлерінің кездесуінде АҚШ жағынан көрсетілген әскери көмек пен екі елдің қорғаныс мекемелері арасындағы қарым-қатынастардың маңыздылығы жайы сөз болғаны айтылды. Одан өзге, НАТО-ның «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасына Қазақстанның қатынасы және оның сыртқы саясаттағы маңызы да аталып өтілген.

Ауғаныстан жайлы сөзінде АҚШ қорғаныс министрі Д.Рамсфелд қазір Ауғаныстанда күрделі кезең екенін айтып, ол жақтан келетін есірткі ағымына тосқауыл қою үшін Ұлыбританиялық өкілдердің басшылығындағы сондағы коалиция күштері қолдан келгенннің барлығын жасап жатыр деді.

- Қазіргі уақытта Ауғаныстанның негізгі заңы қабылданғалы жатыр, одан соң сайлау өткізіледі, сөйтіп уақыт өте келе ол елде бейбіт өмір орнайды деген ойдамын, - деді АҚШ қорғаныс министрі.

ҚР қорғаныс министрі М.Алтынбаев Каспий аймағының қауіпсіздігіне қатысты екі жақты қарым-қатынастардың ары қарай жалғастатынын айтты.

- Қазақстан мен АҚШ қорғаныс мекемелерінің арасында 5 жылға арналған келісім бар, ол тек Каспий ғана емес жалпы аймақтағы қауіпсіздікті нығайту, әскери мамандарды даярлау, қару-жарақ беру, бірлескен әскери жаттығулар өткізу секілді мақсаттарды көздейді. Каспий аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде Қазақстан қарулы күштерінің де белгіленген шаралары бар, - деді М.Алтынбаев.

Қазақстанның қорғаныс министрінің айтуынша сәрсенбі күні Каспий аймағына қатысты 12 млрд долларлық инвестиция салу жөніндегі тағы бір құжатқа қол қойылған. Д.Рамсфелд мырза Каспий аймағының қауіпсіздін қамтамасыз ету тек жалғыз Қазақстан емес, бүкіл әлем үшін маңызы бар іс деп айтты. Ал Ирақта жаппай қырып-жою қаруының әлі күнге дейін табылмай отырғанына байланысты айтқан сөзінде АҚШ қорғаныс министрі:

- Ирақта ондай қарудың жоқ екеніне тәуелсіз сарапшылардың көзі жетпей отыр, қазір Ирақта коалиция күштерінің құрамында 1300-ден астам маман жаппай қырып-жою қаруын іздеп жатыр, - деп жауап қатты.

Бұдан кейін екі министр «Әл-Қайда» терроршылдар ұйымының аймақтағы елдерге ықпалы жайында сауалдарға жауап берді. Американдық CNN телеарнасы тілшісінің айтуынша, сейсенбі күні Пәкістан үкіметі тұтқынға алған бірнеше адамның арасында Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары болған. Қазақстанның қорғаныс министрі М.Алтынбаев «Әл-Қайда» ұйымының Қазақстанға күшті ықпалы бар деп санаймайды.

- Себебі, Қазақстан көпұлтты мемлекет, қоғамда діннің үстемдігі жоқ, оның үстіне елдің тиісті қызметтері де бұл жағдайды бақылауда ұстап отыр, сондықтан «Әл-Қайда» ұйымы секілділер Қазақстанда тамыр жаяды дегенге күмәнім бар. Ал әлгі ұсталған адамдардың арасында қазақтар болуы мүмкін, бірақ олардың Қазақстан азаматтары болмай шығуы да ықимтал, өйткені, қазір Қазақстаннан тыс жерде көптеген мемлекеттерде, әртүрлі көзқарастағы 1 млн астам қазақтар тұрып жатыр, - деді министр М.Алтынбаев.

Д.Рамсфелд Пәкістан қазіргі уақытта терроршылдықа қарсы коалицияға қатысып отырған 90-нан астам елдің бірі екенін айтып, ол елдің Ауғаныстан жерінен Пәкістанға өтпек болған терроршылдарға қарсы атқарып жатқан шараларын құптады. Ал, әдетте, ұсталған терроршылдардан бірнеше елдің төлқұжаты табылатындықтан олардың қай елден келгенін анықтау қиындық туғызатынын
  • 16x9 Image

    Кенжебек НҰРҚАСЕНҰЛЫ

    Кенжебек Нұрқасенұлы - 1967 жылы туған. Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған.
    Семейдегі «ТВК-6» телеарнасында, «СолDAT» газетінде, «Қазақ тарихы» журналында жұмыс істеген. Азаттық радиосында 2001 жылдан бері еңбек етеді. 

XS
SM
MD
LG