Accessibility links

Пәкістандық жасақтар ал қайдалықтар мен тәліптерді қуа жүріп, Осама Бин Ладен жатқан жерге жақындап қалған сықылды.


Пәкістандық жасақтар сәрсенбі күні Ауғанстанның алыс ауданды шегарасында Ал Қайда және тәліп жауынгерлерін іздеу барысында 20 шақты күдіктіні қолға түсірді.

Бұл арада, АҚШ жетекшілігіндегі күштер ал қайдалықтардың жетекшісі Осама бин Ладен жасырынып жатқан жерді қоршап ала бастады деген хабар да тарай бастады.

Ауғанстан шегарасына жақын жердегі пәкістандықтардың Азам Варсақ қыстағында алқайдалықтар және тәліп жауынгерлерімен болған шайқастағы атыспа дауысы есітіледі. Сәрсенбі күні Пәкістанның оңтүстігіндегі Вазиристан ауданында жүргізілген әскери операция кезінде 20 шақты күдікті қолға түскен. Олардың арасында шетелдік азаматтар да бар екен.

Бұл арада ақпанның 25і күні тараған хабарларға қарағанда, АҚШ пен одақтас күштер ал қайдалықтар жетекшісі Осама Бин Ладеннің жасырынып жатқан жеріне маңайлап қалған сықылды. Британияда шығатын Санди экспресс газеті кейбір АҚШтық бұлақтарға сүйеніп жазғанындай, АҚШ пен Британия күштері шегара бойлай 16 шақырымдай жердегі Бин Ладеннің жасырын тұрағын байқаған көрінеді.

Дегенмен, пәкістандық ресмилер ондай болжамдарға шүба мен қарағанымен, İшкі істер министрі Файзал Салех Хайаттың айтуынша, алқайдалық жоғары деңгейлі адамдар мен бин Ладеннің бас көмекшісі ал Зауари сол аймақта жасырынып жүргені анық жағдай.

- Көптеген хабарларда Айман ал Зауари мен Осама бин Ладеннің сол шегара маңайында көзге түскендігі айтылады. Күәлар да табылып отыр. Бірақ нақтылы дәйек жоқ. Жалпы Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы бұл шегаралық аймақтан ары-бері өту мүмкіндігі жоғары. Сондай-ақ ал қайдалықтармен байланысты жоғары деңгейлі тұлғалар да кездеседі екен. Сондықтан Ауғанстанның ол бір бұрышында Осама бин Ладен мен оның сыбайластарының жүруі әбден мүмкін, дейтіндер де табылады, дейді ішкі істер министрі.

Бірақ Қабулдағы АҚШ әскери бөлім өкілі Брайан Хилферти, егер біз бин Ладеннің тұрар жайын білсек онда оны ұстамас па едік, дейді . Дегенмен бин Ладенді АҚШ күштері бәрібір ертелі-кеш пе тұтқындайды дейтіндер де табылып қалады.

Ал Лондондағы стратегиялық зерттеулер институтының қорғаныс саласы бойынша маманы Кристофер Лаңтон бұл жөнінде былай дейді.

- Егер олар бин Ладенді қоршауға ала бастады дегені рас болса онда олар оның қай жерде екендігін біледі деген сөз. Бірақ оны елге жариялап бин Ладенді қырағылыққа шақырғандай болармыз. Меніңше бұл қарашада болатын президенттік сайлаудан алдын АҚШтың Ауғанстандағы жоспарына сенім ұялату шарасы болып шығар. Сондай-ақ, пәкістандықтарға да үндеу болар, дейді Лаңтон.

Джейнс тобынан Лаңкестік бойынша сарапшы маман Ричард Иванстың пікірінше, АҚШ пен пәкістандық ресмилер , ақиқатында, Осама бин Ладеннің қай бағытта жүргендігі туралы анық барлау мәліметттеріне ие болуы кәдік.

Сондай-ақ, Ауғанстандағы 2001-жылғы АҚШ жетекшілігіндегі Азаттық операциялары кезінде бин Ладенді Тора-Бораның бір бұрышынан табуға болады деген де ой болған. Бірақ қантөгісті соғыстар нәтижесінде ол араға басып кіргенде, бин Ладен ол жерден шығып кетіп үлгірген болады. Бір неше ай бойы оны өзінің кежеуілдерімен солтүстік батыс уалаятта жүрген болар деп есептелген, - дейді, Джейнс әскери баспа тобынан лаңкестік бойынша сарапшы Ричард Иванс.

Осы аптада табылған , сондай-ақ ал Зауариге тиісті делінген екі дыбыс таспасын кейбір сарапшылар ал қайдалықтардың айтылып жүрген болжамдарға орай жауабы деп есептейді.

Ол таспаның бірінде ал Зауари АҚШқа тағы да шабуыл жасалады деп қорқытады және президент Буштың Ал Қайда ұйымының үштен екі бөлігі жойылды деген сөзін жалған дейді.



-
XS
SM
MD
LG