Accessibility links

Қатардың айыптаушылары Шешенстанның бұрынғы президенті,Ресейге оппозициядағы Зелимхан Яндарбиевтің өліміне қатысы бар деп екі орыс адамына айып тағып отыр.


Ресейдің сыртқы істер министрі Игорь Иванов бұл екі адамды халықаралық лаңкестікпен күрестегі Ресейдің қауіпсіздік барлаушылары болған деп айтқан. Министрлік жәрия еткен мәлімдемеде Қатардың ол екеуді тұқындағандығы айыпталған. Өзінің атын атамаған Қатардың ішкі істер министрлігінің бір өкілі Яндарбиевтің өліміне қатысты деген күдік-айыппен өткен аптада үш адамның ұсталғанын, оның біреуі осы тұтқындаулар жөнінде Ресей үкіметімен сөйлесуге арнайы жіберілгендігін айтқан Яндарбиев 13 ақпанда Қатарда көлігі жарылғанда қаза тапқан болатын. Ресей Шешенстандағы сеператистік науқанда өлтірілген жүздеген орыс азаматтарының өліміне кінәлі деп айыптап, оның Ресейге берілуін талап етіп келген болатын.
XS
SM
MD
LG