Accessibility links

Бүгін Македония президенті Борис Трайковский Боснияның оңтүстігінде ұшақ апатынан опат болды.


Босния –Хорватия ішкі істер министрлігінің өкілі Недзад Вейгзаджич апақта ұшыраған ұшақ табылды, бірақ тірі қалған бірде-бір адам жоқ деп малімдеген. Бүгін Дублинде Македонияның үкімет басымен кездеспекші болған Ирландияның премер-министрі Берти Аэрн әуе апатында Македония президенті Борис Трайковский қаза тапқандықтан, кездесу болмай қалды деп айтқан. Македония президенті бастаған делегация Боснияның Мостар қаласына халықаралық экономикалық конференцияға қатысу үшін кетіп бара жатқан. Ұшақ қалаға 40 шақырымдай қалғанда бақылау радарынан жоғалып кеткен. Хабраларға қарағанда самолет қонуға бет алғанда қалың тұман басып тұрған. Трайковскийдін жасы 47-де еді, ол Македония президенті болып, 1999 жылдың аяғына қарай сайланған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG