Accessibility links

Ирақтағы уақтынша заң мәселесі шешілмей отыр.


АҚШ тағайындаған Ирақ басқару кеңесінен Махмуд Отманның айтуынша, ел басқару бойынша уақтынша заңның жобасын жасау ісі соңғы мерзім - ақпанның 28іне дейін орындалатын шаруа емес.

Ол заң Ирақта жаңа ата заң жасалғанша жұмыс істеуі қажет болатын. АҚШ Ирақтағы Қамқорлар кеңесінің 30-маусымға дейін ол заңды қабылдауына күдік білдіреді. Ол заң үкіметтік биліктің Ирақтың өзіне қайтарылуын көзде тұтады. Курд текті Махмуд Отманның айтуынша, жоба дайындаушы комитет мүшелері арасында Ислам, Курдтер аутономиясы әкімшілік органның билікке отыруы мәселесінде пікір қайшылығы бар.
XS
SM
MD
LG