Accessibility links

ЕурАзиялық Экономикалық Қауымдастықтың жұмысы қаншалықты нәтижелі?


ЕурАзиялық Экономикалық Қауымдастықтың: Мемлекетаралық Кеңес, Интеграциялық Комитет, Парламентаралық Ассаблея және Қауымдастық соты, деп аталатын төрт басқарма органы бар. Әр-бір орган өкілдері жылына кем дегенде, бір рет бас қосып тұрады. Негізігі мақсат – қауымдастыққа мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық және гуманитарлық саладағы қарым-қатынасты нығайту.

Қауымдастыққа бүгінгі таңда бес мемлекет мүше болса, 2002 жылы Молдова және Украина мемлекеттері бақылаушы құқығына ие болған. Соңынан бақылаушылар қатары Армениямен толықты. Қауымдастық құрылғаннан бері 4 жыл өтседе, мамандар, бақылаушылар және қарапайым халық қауымдастықтың жұмысын әр түрлі бағалайды.

Қазақстан Кәсіпкерлер форумының директоры Тимур Назхановтың айтуынша, егер Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың жұмысы нәтижелі болғанда, бес мемлекет кәсіпкерлерінің ісі де сәтті болар еді.

Тимур Назханов, Қазақстан Кәсіпкерлер форумының директоры: -Біз сауда жасайтын Қырғызстан және Ресей мемлекеттерімен түрлі келісімге қол қойылады, бірақ бұл құжаттар іс жүзінде іске аспайды. Осының салдарынан біз Қырғызстан мен Ресейге барғанда түрлі қиындықтарды басымыздан кешіреміз, бар мәселені осы мемлекеттердің үкіметтері шешу керек, кәсіпкерлер мәселе көтергенімен, оның нәтижесі болмайды. Сол себептен үкімет жетекшілері ортақ бір шешімге келетін шығар, деп ойлаймыз.

Кәсіпкерлермен салыстырғанда қарапайым халық ЕурАзиялық экономикалық қауымдастық туралы айтарлықтай білмейтін болып шықты. Ал, білетіндер қауымдастықтың жұмысы алдағы уақыттары жақсара түсетін шығар, деп үміттенеді.

Қарапайым алматылықтар: -ЕурАзиялық Экономикалық Қауымдастыққа мүше мемлекеттер бір-бірін қолдап, бір-біріне көмек көрсетіп отыруы керек, бірақ әзірге одан қортынды шықпай отыр. -

Мен бұл ЕурАзиялық Қауымдастық жөнінде білмеймін. -

Мен ойлаймын, бұл қауымдастықтың жасап жатқан ісі жеместі болады, себебі үкімет жетекшілері бекерден - бекер бас қоспайды. -

Шынымды айтсам, мен бұл қауымдастық туралы естіген жоқпын.

ЕурАзиялық экономикалық қауымдастықтың жұмысына толығымен риза болмаса, бұл қауымдастықтың болашы зор, дейтін саясаткерлердің бірі Қазақстанның «Азаматтық» партиясының жетекшісі Азат Перуашев.

Азат Перуашев, Қазақстанның «Азамат» партиясының жетекшісі: -Мен ЕурАзиялық экономикалық қауымдастықтың жұмысына ризамын,әрине, барлығы жоғары деңгейде атқарылып жатыр, деп айтуға болмайды,бірақ қауымдастықтың болашағы зор.

Бүгінгі таңда қауымдастыққа мүше мемлекеттердің ресми тұлғалары- ЕурАзиялық экономикалық қауымдастық нәтижелі жұмыс жасап жатқан құрылымдардың бірі, деген баға беріп отыр. Қазақстанның бас коммунистті,Мәжіліс депутаты Серікболсын Әбділдин мұндай пікірмен мүлдем келіспей отыр. Серікболсын Әбділдин,Қазақстанның Коммунистік партиясының бірінші хатшысы: -Менің ойымша, ЕурАзиялық экономикалық қауымдастықтың жасап жатқан нақты ісі жоқ, қауымдастыққа мүше мемлекеттердің президенттері бұл қауымдастықты ойынға айналдырып отыр.

27 –ші ақпан күні өткен отырыста Қазақстанның бас министрі Даниал Ахметов ЕурАзиялық экономикалық қауымдастықтың жұмысы жыл өткен сайын нақты болып келе жатыр,осылай жалғаса берсе, біз бір ыңғай экономикалық кеңістікке қол жеткіземіз, дегенді айтты.
XS
SM
MD
LG