Accessibility links

Гаитиге тәртіп орнату үшін халықаралық күштер келе бастады.


Нью-Йоркте БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде Гайтиге әскер жіберу туралы талқылаулар өтіп жатыр. Бұдан алдын АҚШ, Франция және Канада өз әскерлерін жіберетіндіктері туралы хабарлады. АҚШ президенті Джордж Буштың мәлімдеуінше: " Мен теңіз нояндарын атандыру туралы бұйрық бердім, олар Гаитиде тұрақтылық орнату бойынша халықаралық операцияларда басты рол атқарады. Біз бұны халықаралық қауымдастықпен тығыз байланыста жасадық." Канадалық қосындар ел астанасы Порт-о-Пренсаның әуе жайын өз бақылауы астына алғандығы туралы хабарланады. Жексенбі күні елінен президент Жан-Бертран Аристид қашып шықты, ел астанасын қоршауға алған қарулы көтерілісшілер оның орнынан кетуін талап еткен болатын. Қазір уақытша Гаити президентінің мәртебесін елдің Жоғарғы сотының төрағасы Бонифас Александр атқарып отыр. Көтерілісшілер, Аристид орнынан кеткенен соң өздерінің қаруларын тапсыруға әзір екендіктерін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG