Accessibility links

Әзірбайжан Президенті Қазақстанға ресми сапармен келді

  • Жұлдыз ТӨЛЕУ

Наурыздың бірі күні Қазақстан астанасына ресми сапармен Әзірбайжан Президенті Ильхам Алиев келді. Оны Астана әуе жайынан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі үлкен қызы Дариға Назарбаевамен бірге күтіп алды.



Президент сарайында екі жақты кездесулер өткеннен кейін екі елдің басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне баспасөз маслихатын өткізіп, онда Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы Достық және серіктестік туралы декларацияға қол қойды.



Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы негізгі қарым-қатынас үш бағыт бойынша дамитындығын жеткізді. Ол бірінші, мұнай-газ саласы бойынша, Әзірбайжанның техиналық жабдықтар дайындауда, мамандар даярлауда және мұнай өндіру тұрғысынан келгенде тәжірибесі мол екендігін тілге тиек етіп, енді осы саланы Қазақстанмен бірлесіп дамытуға мүмкіндік туып отыр деді,–Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Екінші көлік дәлізін құру. Еуропа-Азия бағыты бойынша, «Трасека», Тасис жобасы шеңберінде жүк тасымалдайтын тиімді көлік дәлізін салу мәселесіне келістік дейді, – Қазақстан басшысы. Оның айтуынша, Ақтаудан Бакуге дейін темір жол және авто көлік салсақ, онда Қазақстанның Кавказ арқылы халықаралық базарларға шығуына мүмкіндігі зор болады дейді. Үшінші бағыт, бұл екі ел арасындағы мәдениет пен өнер саласындағы қарым-қатынасты одан әрі жалғастыру.



Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев өз тарапынан сөйлеген сөзінде оның Қазақстанға келген мақсаты, әкесі бұрынғы Әзірбайжан президенті Гейдар Әлиевтің осыған дейін жүргізген саясатын одан әрі жалғастыру барысында, сонымен қатар бұрыннан туыс халық болып саналатын Қазақстанмен барлық саладағы қарым-қатынасты дамыту екендігін айтты.



Сонымен ақпарат құралдары өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ақтау-Баку-Тблиси-Жейхан» мұнай құбырын қолдайтындығын білдірді. «Болашақта аталған жолдар арқылы газ құбырын салу мүмкіндіктері бар», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ал Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев болса, Каспиймен шекаралас мемлекеттер ішіндегі Қазақстан мен Ресей және Әзірбайжанның Каспий теңізін бөлісуге қатысты келіссөздерін қуаттайтындығын білдірді. Осыдан кейін Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Оралбай Әбдікәрімовпен кездесіп, Еуразия Ұлттық университетінде оқытушылар мен студенттермен жүздесті.
XS
SM
MD
LG