Accessibility links

Жергілікті мемлекеттік басқару мәселесі қаралды.


Бүгінде жергілікті мемлекеттік басқару мәселесіне байланысты бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы ә Сенаттың аймақтық даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитетінде жатыр. Наурыздың 2-і күні өткен дөңгелек үстел барысында жергілікті мемлекеттік басқару мәселелеріне байланысты аймақтардан жиналған әкімдер мен мәслихат депутаттарының ұсыныстары мен ой-пікірлері тыңдалды. Олардың басым көпшілігі жергілікті жерде орын алып отырған проблемаларды шешу үшін мәселе қаржыға тіреліп отырғандығына тоқталды. Өскемен қаласының әкімі Амангелді Қажыбаев әкімдердің негізгі жұмысы қаржыға байланып отырғандығын, сондай-ақ шағын қалалар мен аудандық жерлердің бюджеттері жоқтығын айтады. -Ауыл аймақтарда, шағын қалаларда бюджет жоқ. Сол себепті ол жерлерде көптеген мәселелер шешімін таба алмай отыр. Әр ауданның, шағын қалардың өз бюджеті болса, оларда әлеуметтік мәселерді шешуге мүмкіндік туады. Қазірде жергілікті әкімдердің кәсіпорындардың жұмысына араласуына мүмкіндігі жоқ. жерглікті жерде әкімнің билігін күшейту керек. Ал Оңтүстік Қазақстан облысының мәслихат депутаты Шалатай Мырзахметов өз тарапынан мәслихаттың штатын кеңейту керектігіне тоқталды -“Сайлау туралы” Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы” бүгінде Парламентте талқыланып жатыр ғой. Онда сайлау комиссиясының құрамын мәслихат депутаттары сайлайды деп толықтыру енгізіліп отыр. Сол себепті енді мәслихаттың штатын кеңейту керек. Сондай-ақ Шалатай Мырзахметовтің айтуынша, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік проблемалар өз шешімін табуда. -Оңтүстік өңірінде атаулы әлеуметтік көмек мәселесінде проблема жоқ. Қазір кедейшілік төмендеген. Сонымен қатар орта және кіші бизнес бізде жақсы дамыған, енді жұмыс орындарымен қамту мәселесі де шешімін табуда. Жезқазған қаласының әкімі Жұмамәди Ибаділдәұлының ұсынысы мынандай. -Негізінде бюджет жергілікті жерде болуы керек. Биыл мысалы денсаулық пен білім саласына көп көңіл бөлу көзделген. Осыдан басқа әлеуметтік мәселелер шет қалып қалады. Ал оны қамту үшін бюджтке бөлінген қаржы жете бермейді. Дөңгелек үстел соңында аймақтардан жиналғандар тарапынан айтылған ұсыныстар “жергілікті мемлекеттік басқару мәселесіне байланысты бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын”қарау барысында ескерілетіндігі айтылды.
XS
SM
MD
LG